Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу
|
Сабақ
тың басы
5 минут
Сабақ
тың ортасы
10 минут
Сергіту сәті
5 минут
5 минут
Қосымша тапсырма
7 минут
Сабақты қорыту
3 минут
Кері байланыс
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық ахуал орнату.
Оқушылар тақта көрсетілген суреттер сияқты бір-бірімен амандасады.
Жаңа сабақ
Презентацияда жаңа тақырыпқа байланысты көрсетілген сөздерді оқып буынға бөледі
Тақырыпты ашу
Оқылым.
1-тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. «Ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
2-тапсырма
- Оқушылар енді біз оқулықтағы 76-беттегі берілген сөздерге назар аударайықшы
-Жақсы балалар сөздерді оқып буынға бөлеміз.
-«Ө» дыбысы қай жерде орналасқан қанекей кім айтады?
«Ойлан тап!»ойыны
1. Бір әріп бар, кей бала
Айтамын деп бүлдірген
Оқи алмай шүлдірлеп
Жолдастарын күлдірген.
Бұл қай әріп? (р)
2. Жұмыртқадай дөңгелек
Кетпейді бірақ дөңгелеп
Бұл қай әріп? (О)
3. Әлде толған Ай ма екен
Әлде үрген шар ма екен
Белінде бар белдігі
Бұндай әріп бар ма екен? (Ө)
«Кім шапшаң» әдісі
Оқушыларға қолдардың түрлері беріледі сол қолдарды қайталап жаттығуды жасайды
3-тапсырма
Жазылым
1.Оқулықтағы «ө» әрпінің таңбалануына назар аудару.
2.«Ө» әрпін тақтаға жазып көрсету.
3.«Ө» әрпін ауада жазып көрсету.
4.Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
4-тапсырма.
5-тапсырма
«Өз орынын тап» ойыны
Өр, төр, көл, шөл, өрнек, өрік, көрме,Көркем,
Көкөніс, көгершін,өрмекші,көлеңке сөздерін 1буынды, 2буынды,3буынды себеттерге тауып орналастыру
Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
1-деңгей: Дыбыс сызбасындағы жасырынған сөзді тап.
2-деңгей: Жануарларды ата
3-деңгей: Ө» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.
«Желкенді қайық»әдісі
• Жасыл түсті қайық-сабақ маған ұнады, тапсырмаларды сәтті орындадым;
• Сары түсті қайық-сабақта сәл кедергілер болды;
• Қызыл түсті қайық-сабақ қиын болды, әліде көмек қажет.
|
Тақтадағы суреттерді қайталап амандасады
Тапсырмаларға ауызша жауап береді
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Әсем белдемшесіне (юбкасына) өрнек салды. Өрнегі өте көркем болып шықты. Апасы оны мақтады».
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Жұмбақтардың шешімін табады
Жаттығулар жасайды
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмалар
ды орындайды
«Ө» әріпі бар сөздерді көрсетеді
Сөздерде қанша буын екенін айырады
Буындарды ажыратады
Саралау тапсырмала
рын орындайды
Қайықтағы желкендерді сабақты қалай түсінгеніне байланыстырып бояйды.
|
Мақтап, мадақтап отыру
Басбармақ әдісі арқылы бағалау
Бағалау смайликтері
Керемет,жарайсың
Қол шапалақтау
Мақтау, қолдау
Мақтау сөздермен мадақтау
Басбармақ әдісі арқылы бағалау
Отшашу әдісі арқылы бағалау
|
Музыка
Оқулық
Оқулық
Тақта
https://youtu.be/7coN_qEGUqY
жұмыс дәптері
Интерактивты тақта
Интерактивты тақта
Оқулық
Қайықтың суреті
|