Сабақтың тақырыбы: №9 Мен, сен, ол, олар,барлығымыз бір отбасымыз. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі3,32 Mb.
#132455
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Дүниетану 9-сабақ 2-тоқсан

1-тапсырма Суретке қара. Бұл адамдардың арасындағы туысқандық байланыс туралы өз болжамыңды айт.Суреттегі отбасы туралы әңгімеле

2-тапсырма (Ұ.Ж)
Тағы қандай туысқандық байланысты анықтайтын атауларды білесің? Үйдегі ең құрметті орынға кім отырады? Неліктен?

3-тапсырма Жұптық жұмыс
Туыстық атаулармен таныстыру.
Әкең мен анаң кімді қызым дейді? Ал кімді ұлым дейді? Кім аға мен іні немесе әпкесі мен қарындасы, сіңілісі болаы? Кімдерді ата мен әже дейді? Кім кімге немере болады?




4-тапсырма Жеке жұмыс
«Анықта» тапсырмасы
Оқушыларға адамдар асындағы туыстық қатынастарды ауызша түсіндіретін тапсырмасы бар карточкалар таратылады. Ары қарай туыстық атауларға өз туысқандарының есімін жазу ұсынылады.

5-тапсырма Сызба арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды жаз.

Логикалық сұрақтар 1.Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? 2.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
3.Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле)
4.Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың?
5.Мен ата-анама кім боламын? (ұлымын, қызымын)
6.Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар?
7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)
8.Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата) 9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере) Тапысрмалар әр партаға таратылады. Оқушылар тапсырмаларды кезекпен оқиды, жауабын табады

Адамдар арасындағы туысқандық байланыс туралы өз болжамдарын айтады.


Туысқандық байланысты анықтайтын атауларды атайды.


Жұптық жұмыс жасай отырып, туыстық атауларын атайды.


Туыстық атауларға өз туысқандарының есімін жазады.


Сызба арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды жазады.

Логикалық сұрақтарға жауап береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет