Сабақтың тақырыбы А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы» Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?


Оқушылар Ахмет деген сауалға жауап берсек



бет3/4
Дата30.09.2022
өлшемі28,39 Kb.
#40966
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
11 сабақ. А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы»

Оқушылар Ахмет деген сауалға жауап берсек–ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

4 слайд

Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының қалыптасуы
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген.
Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейінен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды.
1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы туралы шағын бейне жазбаға назар аударыңыздар
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/axmet-bajtursynuly-ult-ustazy?mid=c5ea7790-ea58-11e9-a608-bdd56c1e34e7
0.40-3.20

5 слайд

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкерледі.
1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерді көтереді, елді өнер-білімге үндеді.
Ахмет БайтұрсынұлыАлаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.



6 слайд

Әдеби мұрасы:
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетін зерттеуге көп үлес қосты.
1909 жылы оның тұңғыш «Қырық мысал» кітабы жарыққа шығады, онда Крылов пен Абай әңгімелерін негізге ала отырып, биліктің шектен шығуы мен зорлық-зомбылығын сынайтын бірқатар туындылары енгізілген.
1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді. Ондағы басты идея қазақ халқын ілім-білімге әрі мәдениетті қоғам құруға шақыру еді.



7 слайд

«Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың рухани мұрасының қазақ мәдениеті мен ағарту ісіне ықпалын зерделейді. «Қазақша оқыту» мақаласында ол: «Халық өмірін жақсарту ісін балаларды оқыту ісінен бастау керек, өйткені билік, басқару тек біліммен ғана түзетілді», -дейді

8 слайд

Саяси қызметі:
Ахмет Байтұрсынұлы саяси қызметі кезінде халыққа білім беру мәселесін әрқашан көтеріп жүретін еді. 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының қалыптасуына белсене қатысты.
Ол «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі болды, онда басқа мәселелермен бірге білім беру, ар-ұждан бостандығы және діни еркіндік, газет шығару жайлы айтылды.

9 слайд

1913 жылы Ә.Бөкейхан және М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін шығарды.
Газет 1918 жылға дейін қазақтар арасындағы негізгі мінбер әрі ең кең таралған саяси және әдеби-ғылыми басылым саналады.



10 слайд

1917 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясын құруға атсалысты, Алашорда үкіметінің құрамына кірді, онда білім мен мәдениетке қатысты мәселелерге жауапты болды.


1919 жылдан Ахмет Байтұрсынұлы Кеңес халық комиссариаты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстандағы білім беру мәселелері бойынша халық комиссары болып тағайындалды.

11 слайд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет