Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе!
7-қыз . «Ғылым таппай мақтанба» 6-ұл . Ой, бәрекелді!
Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 1-жүргізуші: Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.
2-жүргізуші: Ендеше тәрбие сағатымызды мың бұралған биші қызымыз Гүлсезімнің биімен жалғастырайық.
Би:Қара жорға Абайға арнау 1-оқушы:Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
2-оқушы:Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
1-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
2-жүргізуші: Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
1-жүргізуші:Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет, қош-сау болыңыздар!