Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі
Күні: 25/09/2019
10б-сынып
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарына талдау;
10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
Бағалау критерийі
- шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарына талдайды;
- шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.
Ресурстар
Оқулық, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Амандасу.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Білу, түсіну Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген ұйқасқа өлең шығару Стикердегі диалог
1
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
175 жылдық мерейтойы
2
Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы
3
Абай Құнанбаевтың туған жері
«Болыс болдым, мінеки»
4
Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ
5
Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Шалыс ұйқас
6
Абайдың қанша поэмасы бар?
«Сегіз аяқ»
7
Алдағы жылы Абай атамыздың қандай мерейтойы келе жатыр?
Үш
Критерий
Басбармақ арқылы
Жаңа білім
10 минут
Қолдану Жұптық жұмыс
/Өлеңді мәнерлеп оқу/
Оқулық бойынша 30-бет оқу, жұпта талдау.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе тәңірім саған өзге туыс?
Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,
Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа104 махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі.
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Талдау Топтық жұмыс №1
1-топ. Өлеңді талдайды /әдеби теориялық талдау/
2-топ өлеңді салыстырады./Болыс болдым, мінеки.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Критерий арқылы
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Топтық жұмыс №2
Әдеби сын жазу
Оқырман ретінде ақын өлеңіне баға береді.
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
Қорытынды
Жиынтық бағалау
«Зерде» кері байланыс
Білім – тақырып бойынша алған
ақпараттарым
Эмоция – сабақтағы көңіл-күйім
Баға – жетістігіме беретін бағам
Сын – өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея - маған келген жаңа ой
Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем;
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен;
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор;
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер);
• Аударма өнерінің үздік шебері;
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын;
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына.