Сабақтың тақырыбы Адам қаңқасының құрылысы.



Дата16.02.2022
өлшемі33,23 Kb.
#25693
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс


Мектеп: «№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Болатова Ұлжан

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам қаңқасының құрылысы. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттау;

  • Тірек-қимыл жүйесінің маңызын сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттайды

  • Тірек-қимыл жүйесінің маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашады.

Қаңқаның құрылысы мен қызметін ауызша сипаттай алады.

Тірек –қимыл жүйес інің қызметі мен маңызын ауызша жазбаша сипаттай алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сүйек, бұлшық ет, тарамыс, сіңір қаңқа, бас сүйек, жақ, бұғана, жауырын, қабырға, төс, омыртқа, шынтақ сүйегі, жамбас, сегізкөз, құйымшақ, білек сүйек, алақан сүйегі, ортан жілік), асықты жілік, шыбық сүйек, жіліншік сүйегі, толарсақ , табан, башпай сүйектері



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сүйектер ........қамтамасыз етеді. …

Сүйектер … қорғау

… тірек


… тіреу

Қаңқаның ... бөлімі болады.

Иық белдеуіне...жатады.

Жамбас белдеуіне...жатады.




Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Адам қаңқасындағы сүйектердің орналасу бұрыштары, қозғалу бағыттары туралы қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

6-сыныпта «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін, қозғалыстың тірі ағзаларға ортақ қасиет екенін, 7-сыныптан омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін, қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Адам қаңқасын көрсетіп, кім қанша сүйекті атай алады деп сүйектерді ататып, қаңқаның маңызы неде, бұл қандай мүшелер жүйесіне жатады деп талқылау жүргізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады.

1 – 2 слайдтар

1-қосымша





Сабақтың ортасы

4-10 мин


Оқушыларға тірек –қимыл жүйесінің 5 түрлі қызметі туралы ақпараттар ұсынылады. Оқушылар жұпта кезекпен аралап жүріп танысады.

2 - қосымша



11-27 мин

Оқушыларға адам қаңқасының моделін жасау тапсырмасы ұсынылады.

Оқушылар дайын қима қағаздарды пайдаланып адам қаңқасының үлгісін жасайды. Оқушылар адам қаңқасының үлгісінде қаңқа бөлімдері мен оларға жататын сүйектерді атап көрсетеді.

Кейбір оқушыларға сүйектерді жалпақ, түтіктәрізді, қысқа сүйектер деп топтастыру тапсырмасын беруге болады.

Кейбір оқушылар қима қағаздардағы сүйектің ағылшынша атауларын жаттап, сүйектерді ағылшын тілінде атап бере алады.

Адам қаңқасынан сүйектерді жарысып атау тапсырмасын орындатуға болады.


3-қосымша

3-14 слайдтар




27-36 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады.

4-5 қосымша


Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

1.Мен үшін тақырыпты меңгеру оңай, себебі...........

2.Мен үшін тақырыпты меңгеру қиындау болды, себебі....................


15 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға сүйектерді жалпақ, түтіктәрізді, қысқа сүйектер деп топтастыру тапсырмасын беруге болады.

Кейбір оқушылар қима қағаздардағы сүйектің ағылшынша атауларын жаттап, сүйектерді ағылшын тілінде атап бере алады.

Адам қаңқасынан сүйектерді жарысып атау тапсырмасын орындатуға болады.

Кейбір оқушылар адам қаңқасы туралы қосымша ақпараттар оқып өз білімдерін тереңдетеді.



Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша жазбаша жауаптары арқылы

Жасаған қаңқа моделінде сүйектер мен қаңқа бөлімдерін атап көрсетулері арқылы



Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.
Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет