Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Неге Дарвин теориясын көбінесе табиғи сұрыпталу теориясы деп атайды?
2. Артық сан және тіршілік үшін күрес болмаса, табиғи сұрыпталу жүруі мүмкін бе?
3. «Эволюциялық жетістік» немесе «эволюциялық сәтсіздік» дегеніміз не?
4. Даралардың тірі қалуын әрдайым эволюциялық жетістік деп есептеуге бола ма?
5. Түйеде шөлде тіршілік ету үшін қандай бейімделулер болады?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|