Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:
1. Гомеостаз дегеніміз не?
2. Неліктен ағзаның негізгі үш сұйық ортасы өзара байланысты екенін түсіндіріңдер.
3. Ағзаның негізгі сұйық орталары қашан және қандай құрылымдар арқылы бір-біріне айналады?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|