Сабақтың тақырыбы Ағзаны тазарту



Дата27.09.2022
өлшемі28,5 Kb.
#40453
түріСабақ
Байланысты:
Ағзаны тазарту


Сабақтың тақырыбы
Ағзаны тазарту

Көктем, жаз айларында тамақтан улану – жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар - стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін.


Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау;

  • қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін;

  • тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;

  • ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;

  • тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс;

  • жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;

  • өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау.

  • азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;

  • өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;

  • қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;

  • ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды;

  • барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз;

  • жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз;

  • қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс;

  • дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус; - суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек;

  • ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек;

  • тамақты қолмен аз ұстау керек.

Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы жаратылған кезіне қайта келтіру мүмкін емес. Әйтсе де оның жұмысын жақсартып, сол арқылы өміріңізді ұзартудың мүмкіндіктері бар екен. Ол үшін ағзаны жылдар бойы жинақталған қалдықтардан (шлактардан, тұздан, тас пен құмнан) төменде ұсынылған қарапайым тәсілдер арқылы тазартуыңыз керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ескерте кетейік, ағзаны тазарту бойынша кешенді процедураны бірінен кейін екіншісін, араға тек 1 - 2 күндік демалыс салып орындау қажет. Сондай - ақ оны 40 тәулік ішінде орындаған абзал. Онсыз емнің тиімділігі шамалы.
Бұл ем түрі «Малахов тәсілі» кітабынан алынған.



  • Ішекті тазарту

Ағзаны тазарту алдымен ішек жұмыстарынан басталады. Ішекті тазарту үшін табиғи шырын мен қайнатылған сорпаны көбірек ішкен жөн. Жеміс - жидекті көбірек пайдалансаңыз дұрыс. Ол ішекте артық майлардың, тұз бен қалдықтардың тұрып қалуынан сақтайды.
Дегенмен де ішекті тазартудың ең тиімді жолы – клизма жасау. Ол үшін қайнатылған 1, 5 - 2 литр жылымық суды 1 ас қасық лимон шырынымен араластыру керек. Оны эсмарх бокалына құясыз. Түтіктің ұшына өсімдік майын жаққан жөн. Клизманы таңертең, дефекациядан кейін жасаған тиімді. Алғашқы аптада клизманы күн сайын, екінші аптада күнара, үшінші аптада екі күнде бір рет, ал төртінші аптада үш күнде бір рет жасаған жөн. Кейін аптасына бір рет жасаудың өзі жеткілікті. Осылай 40 күндік тазалау ішек жұмысын жақсарта түседі.
Кейбір әлсіз және жасы келген адамдардың алғашқы күндері клизма әсерінен іші өтуі мүмкін. Оның алдын алу үшін клизма кезінде сарымсақ жеген пайдалы.

  • Бауырды тазарту

Ішекті тазалап болған соң қайнатылған сорпа мен жеміс - жидек диетасын сақтай отырып 1 - 2 күн демалғаныңыз дұрыс. Одан кейін бауырды тазартуды бастауға болады. Оның ең тиімді жолы вегетариандық тамақтану мен алма диетасы. Ол үшін бірінші және екінші күндері ашқарынға клизма жасалады. Содан кейін күні бойы тек қана алма (шырыны, жаңа піскен немесе қайнатылғанын) жеу керек. Оның көлеміне шек қойылмайды, қалауыңызша жей беріңіз. Үшінші күні де кешкі сағат 19 - ға дейін осылай жалғастырыңыз. Кейін төсекке жатып, бауырдың тұсына қыздырғыш (грелка) басыңыз. Әрбір 15 минут сайын 3 ас қасық зәйтүн майы мен артынша дереу 3 ас қасық лимон шырынын ішіңіз. Барлығы 200 грамм май мен 200 миллилитр лимон шырыны болуы тиіс. Қыздырғышты 2 - 3 сағаттай ұстаған соң ұйықтауға әрекет жасаңыз. Таңертең тағы да ашқарынға клизма жасап, жеңіл таңғы ас ішіңіз.



  • Қанды тазарту

Көпшілігіміз елей бермегенмен, біздің қо¬рек¬тенетін тағамдарымыздың құрамындағы зиян¬ды қоспалар қан құрамында да қалып қояды. Сол үшін қанды тазартудың маңызы зор. Ол үшін үш күн бойына арнайы шырын ішіп тұру керек. 1 кило апельсин мен 200 грамм лимон шырынын араластырыңыз. Шамамен 2 литрдей сусын дайындалуы керек. Сусыныңыз қою және аздау болса жұмсартылған су қосуға болады. Бұл суды ертерек дайындап алған жақсы: қайнатылған таза суды кастрюльге немесе пластикалық бөтелкеге құйып, мұздатқышқа қоясыз. Салқындағанда шырынға қоса беруіңізге болады.



  • Сусынды күні бойы әр жарты сағат сайын 100 грамм мөлшерінде ішу керек. Бұл қатаң диета: үш күн бойы осы сусыннан басқа ешнәрсе жемейсіз. Таңертең міндетті түрде клизма жасайсыз (100 грамм су және 1 ас қасық глаубер тұзы). Соңынан душ қабылдау сергек жүруіңізге көмектеседі.

  • 40 тәуліктік ереже

Енді ағзаны тазартудың мына қысқаша графигіне назар салып көріңіз:
- 1 - 7 тәулік – толық адамдарға арналған диета және күнделікті клизма жасау, яғни салмағы мөлшерінен артық адамдар алғашқы 7 күн бойына диета ұстауға тиіс;
- 8 - 13 тәулік – қуырылмаған және майсыз тағамдармен жеңілдетілген диета ұстау және күнара клизма;
- 14 - 16 тәулік – үш күндік алма диетасы (кешкі сағат 19 - ға дейін) және бауырды тазартуды бастау;
- 17 тәулік – таңертең клизма жасау, жеңіл таңғы ас және жеңілдетілген диета;
- 18 - 24 тәулік – табиғи шырын немесе қарбызбен диета ұстау;
- 25 - 37 тәулік – күріштен жасалған таңғы ас, жеңілдетілген диета, алғашқы және соңғы үш күн бойы лавр жапырағынан жасалған қайнатынды;
- 38 - 40 күндері – қанның құрамын арнайы шырындар арқылы тазарту.
Осы 40 тәуліктік қарапайым тәсілдермен ағзаны тазартып болған соң әлі де 2- 3 күндей қайнатылған сорпа немесе диеталық тағам жеу өзіңіз үшін өте пайдалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет