Жүзім: Жұлып едім жүзімді,
Жүзі бірден үзілді.
Жүзінде жеп қойыппын,
Өзім әбден тойыппын.
Алма: Бір тістеп өзін алғамды
Дәмі аузымда қалғанды.
Домалантып жеймін мен,
Күнде қызыл алмамды .
Қауын: Жинап жатыр ауылым,
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,
Ауырын-ай, ауырын.
Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
Соңы
Қорытынды: Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.
Осымен балалар бүгінгі Шырынды жемістердің пайдасы атты тәрбие сағатымызда аяқталды.
Балалар өз ойларын білдіреді.
Педагогтің аты-жөні
Есениязова С.О.
Күні:
Сынып: 1 «В»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек!
Сабақ мақсаты
Отбасы татулығы, ата-ананың баласының тәрбиесіндегі ролі, баласы арасындағы байланыс, бір-бірімен бірлесе отырып, ұжымдасқан түрде, белсенді қабілеті мол үлгі көрсетерлік бәсекеге қабілетті отбасы болуларына ынталандыру.
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурс тар
Басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Психологиялық ахуал.
Ортасы
Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң. Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
«Ой қозғау» Енді балалар, топтық жұмыс жасап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын ашайық. Тақтадағы сурет бойынша
1-топ: сурет бойынша әңгіме құрау
2-топ: сөзжұмбақты шешу
3-топ: өлең құрастыру (топ бойынша кері байланыс жасау)
(Әр топтың жауабы бойынша «отбасы» сөзін шығару)
III бөлім: Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары және мақал-мәтелдеріне кезек береміз:
1-оқушы
Бала,бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
2-оқушы
Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
3-оқушы
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
4-оқушы
Бойға қуат береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
4-оқушы:
Бойға қуат береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.