Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Психологиялық ахуал.
Ортасы
Балалар бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар: 1-оқушы: Таң қалғандай ғалам
Кім сұлу адам
2-оқушы: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
3-оқушы: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
4-оқушы: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
5-оқушы: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол - менің анам.
6-оқушы: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
7-оқушы: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.
8-оқушы: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
9-оқушы: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Інжу: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Арсен: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Бинұр: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Диана: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
Соңы
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!Белсенділік танытқандарың үшін үлкен рақмет!
білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;