Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин.
«Өткенге шолу»
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу және түгелдеу
-Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
-Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру
-Оқу мақсаттарымен таныстыру және бағалау критерийлерін айту
-Сабақтың тақырыбын таныстыру
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сұрақтар беріледі.
1. Индукциялық ток дегеніміз не?
2. Өздік индукция құбылысын түсіндіріңіз.
3. Электромагниттік индукция дегеніміз не?
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Дискриптор:
Электромагниттік индукция заңын біледі.
Жалпы балл-1
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
9 мин
|
Білім дағдысы: Түсіну (D)
Суретте берілген генератордың жұмыс істеу принципімен таныстырып, бүгінгі сабақты түсіндіреді.
|
Жаңа сабақты түсінеді .
|
|
ДЭ
Презентация
|
Жеке жұмыс
5 мин.
|
1-тапсырма (f)
Білім дағдысы: Қолдану
Оқулықтағы тақырыпты және таратылған теориялық ақпаратты басшылыққа алып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер -
1. Генератор дегеніміз не?
2. Генератор қандай бөліктерден тұрады?
3. Ротор деген не?
4. Статор деген не?
|
Оқушылар жұпта отырып транзисторлы генератордың жұмыс істеу принципіне жауап іздейді.
|
Дескриптор:
-
Айнымалы тоқ генераторының бөліктерін ажыратады.
Жалпы-2
|
ДК экраны
Презентация
|
Жұптық жұмыс
«Ойланайық» әдісі
20 мин
|
3-тапсырма (f)
Білім дағдысы: Қолдану
Ойланайық әдісі арқылы берілген есептерді шығарады.
Айнымалы ток генераторының роторында алты пар полюстер бар (k=6). Генератор 50 Гц стандарт жиіліктегі токты өндіру үшін ротордың айналу жиілігі қандай болуы керек?
Егер генератор стандарт жиіліктегі ток өндіретін болса, онда 24 пар полюстері бар генератор роторының айналу жиілігі қандай?
Егер ротордың айналу жиілігі 62,5 айн/мин болса, онда генераторда неше пар полюстер бар болғаны?
Бір ғана тізбек бойымен бір уақытта тұрақты және жоғары жиілікті айнымалы ток беруге болады?
|
Оқушылар есепті шығару арқылы алған білімін толықтырады .
|
Дескриптор:
-
Айнымалы тоқ генераторының жұмыс істеу принципін сипаттайды.
Жалпы балл -7
|
ДК экраны
Жұмыс парағы
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
3 мин
|
Рефлексия.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
қандай ұғымдарды біледі;
қандай түсініктер әлі де қиындық тудырады;
сұрақ туындаған жағдайлар
үйге тапсырма: 2 тапсырма 29 б
|
Сабақ соңында жұптар бір-біріне баға береді.
|
|
ДК экраны
|