Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды
Сабақтың мақсаты
Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығуларды сабақ барысында стратегия элементтерін пайдалану.
Бағалау критерииі
Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығулардыңмаңызыдылығын анықтайды сабақ барысында орындайды және түсінеді.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Сәлемдеседі, жақсы тілектер айтады, сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын айтады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға болады.
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Жетекші шеңбердің ортасына тұрады және допты мына сөздермен жоғарыға лақтырады: «Допты аспанға!». Басқалары осы уақытта шеңбер ортасынан мүмкіндігінше әрі қарай жүгіруге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» деп айқайлайды Басқаларының барлығы тоқтайды, ал жүргізуші орнынан түспей, өзіне ең жақын орналасқан адамға допты лақтырады. «Тигізілген» жеткізушіге айналады. Жеткізуші мүлт кетсе, онда ол шеңбер ортасына қайтадан барады, допты жоғарыға лақтырады, ойын жалғасады.
Топтарды ортаға шақырайық. Енді сайысымыздың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз он кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар,тапсырманы мұқият тыңдап, белгі берілгеннен кейін бастау керек. Бақтарын сынағалы отырған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын жасау. Сайыскерлерге сәт сапар тілеймін.
Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)
Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)
Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.
Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп
шығу)
Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)
Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.
«Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.
Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.
Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.
Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Оқушылар ондық бөлшектер туралы өз ойларын ортаға салады
. Әр оқушы өз деңгейінің түсніктерін көрсетеді
Қимыл-қозғалыс ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды сақтайды
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық.
Ойын 5-сыныптар үшін қозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме:
http://www.fizkult-ura.ru