Қорытындылау
|
- Сонымен, рахметке лайықты кімдер?
- Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін
Алғыс айтамыз!!!
«Жалғасын тап» ойыны
1.Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.
2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді. 3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.
4. Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.
5. Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
7. Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған көктемес.
8. Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.
9. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.
10. Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.
- Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
|
Оқушылар өлеңді хормен, мәнерлеп оқимыз.
Оқушылар жалғасын табады.
|
ҚБ: Жарайсыңдар!
ҚБ: Жарайсыңдар!
|