Жұмбақ: Адамға серік,
Күзетер берік. (Ит)
Бейсенбі күннің тапсырмасы Сөздерді біріктіріп, орташа дауыста айту
Анашымнан айналдым ақ сүт берген - АААНААШЫММНАННАЙНАЛДЫЫМАҚСҮҮТБЕРГЕЕН;
аппақ аппақ жапалақтап, қар жауады тыңбастан – АААППАҚААППААҚЖААПАЛАҚТААПҚАРЖААУАДЫЫТЫҢБАСТАН;
Алма кетті домалап, көше бойын жағалап -
АААЛМААКЕЕТТІІДООМААЛААПКӨӨШЕБООЙЫЫНЖААҒАЛАП;
Диктант. Жасұланның әкесі – ұшқыш. 2. Жұмысшылар бірлесіп үй салды. 3. Лаура бақшадан көкөністер жинады. 4. Такси жүргізушісі адамдарды тасиды. 5. Орындық, үстел, шкаф, төсек ағаштан жасалатын жиһаз.
Сергіту сәті: Жеті ұлы бар бір үйдің
Сәл демалып,
Тыныс ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – бесінші ұл.
Алтыншы ұлы ол – Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі.
Жұмбақ:_Түрі_жылқы_бейнесі,_Жолақ-жолақ_жейдесі._(Зебр)__Жұма_күннің_тапсырмасы_«Ырғақты_сөздер»'>Жұмбақ: Түрі жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі. (Зебр)
Жұма күннің тапсырмасы «Ырғақты сөздер» Мен бір сөз айтамын сен жалғастыр, келесі айтылтын сөз алдыңғысөздің соңғы дыбысынан басталуы тиіс.
Доп – парта – асық – қауын – наурыз – Зухра – ананас – сағат
Жұмбақ: Адамға ұқсас,
Айтсаң түсінбес,
Киім тоқымас,
Кітап оқымас. (маймыл)
Сенбі күннің тапсырмасы «Кім біледі, сол жалғастырады» Жазғы демалыста біз ..........
Жаңбырдың пайдасы ..........
Ақылды бала анасына .........
Таңертен ерте тұрып ...........
Мен мектепте ......................
Жұмбақ: Өзі ұсақ, аппақ,
Дәмі сондай тәтті-ақ. (қант)
Жексенбі күннің тапсырмасы «Артық сөзді тап»
Аулада ағаштар маймылдар жайқалып өсіп тұр.
Арманның сабағы таңертен түнде басталды.
Анамның мерекесіне әдемі гүл шоқтарын жапырақтар сыйладым.
Үйдегі ақ күшіктің анасы жоғалып жатты кетті.
Көктемде жылы жақтан жыл құстары, аңдары ұшып келеді.
Жарайсың, Диас біз апта күндерінің тапсырмасын орындап тастадық. Жартасқа да келіп жеттік. Жартастың тапсырмасы бар екен.
«Сюжеттік сериялы картина»
Сюжет сериясын дұрыс орналастырайық;
Балалар неге таласты?
Асанның қылығы дұрыс па?
Сен не істер едің?
Өте тамаша әңгіме құрастырдың! Сол себепті, алтын бестік сенікі.