Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары: астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту
1.Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.
2.Ой – өрістерін, жан – жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту.
3.Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Сәлеметсіңдер ме балалар!біз бүгінгі тәрбие сағатымызда сендермен ойындар ойнап,жұмбақтардың шешімін табамыз.Ал ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табыңдар:
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап барады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Күз -Иә, бұл күз мезгілі екен.
Күзде табиғатта қаңдай өзгерістер болады?
-Дұрыс балалар, жапырақтар сарғайып, жаңбыр жауады, күн суық болып тұрады.
-Адамдар қаңдай еңбекпен айналысады?
-Дұрыс айтасыңдар,көкөністер,жеміс-жидектер піседі,егістікпен айналысады.
-Балалар біз білеміз күз мезгілінде жаңбыр жауып,күн суытып,боран болатынын,сол себепті сендермен “Ойлан тап! ”әдісі арқылы жол белгілері туралы ойын ойнасақ,тақтада сандар жасырылған солардың біреуін таңдап астындағы белгі қандай мағына беретінін айтсаңдар.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Жапырақ тапсырмасы ( Жұмбақтар):Бір санды таңдайсыңдар,сол санның астында жұмбақ жасырылады,жауабындағы көкөністерді суреттер ішінен тауып алыңдар.
1)Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
2)Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Жуа)
3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)
Жапырақ тапсырмасы бойынша жұмбақтарды шешеді
презентация
Ортасы (20 мин)
«Мен пайдалымын» тапсырмасы:
Балалар біз күз мезгілінде тек қана көкөністер ғана емес жеміс-жидектерде пісетінін білеміз,енді ортаға маған 5 бала керек.Мен сендерге берген жеміс-жидектердің адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтамыз
1-бала.Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.
2- бала.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .
3-бала.Бананның С,В,В,В,Р дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.
4-бала.Қарбыз құрамында дәрумен көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.
5-Алма адам денсаулығына өте пайдалы,әсіресе тістерді қатайтады,ағзадағы зиянды заттарды жояды.
Балалар өз білімдерін көрсетіп,пайдалы жағын айтады
презентация
Соңы
Алтын күзіміздің жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бен жемістерімізге байланысты ойын ойнай отыра сабағымызды қорытындыласақ
Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан,өрік,жүзім)
Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа,сәбіз,лазы)
Енді сабағымызды қорытындыласақ,сендерге қораптың ішінде түрлі смайликтер беріледі,ішінен біреуін таңдап не себепті бұл смайликті таңдағаныңды айтасыңдар.
Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.
Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.
Алтын күз:
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар-дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,белсенділік танытқандарыңа көп рахмет,сау болыңдар балалар!