Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер, қан пигменті, гемоглобинҚарынша, құлақша, жарты ай тәрізді қақпақша, қосжақтаулы қақпақша, плазма, альбуминдер, глобулиндер, фибриноген
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Қан дене массасының .... құрайды.
Эритроциттер - ... ең ірі жасушалары.
Лейкоциттер – қанның ... жасушалары.
Тромбоциттер – қанның ... қатысады.
Құндылықтарды дарыту
|
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылыққа бағытталады.
Зертханалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қан қысымы, капиллярдағы газдар мен мономерлер диффузиясы туралы түсінік қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнайды.
|
Алдыңғы білім
|
7-сыныптан буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылардың қанайналым мүшелері, қан тамырларының түрлерін 8-сыныптан қанның құрамы, иммунитеттің түрлері, агглютинация, резус-конфликт, қан жасушаларының түрлері мен қызметтері, адам мен бақа эритроциттерінің айырмашылықтары туралы біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Оқыту көздері мен ресурстар
|
Сабақтың басы
|
0-3 мин
|
Оқушыларға тақтада тақырыпқа байланысты сурет көрсетіледі. Оқушылар суретті көре отыра сабақ тақырыбын айқындайды.
Оқушылар сабақ тақырыбы мен, мақсатын анықтайды.
|
Слайд №1-3
|
Сабақтың ортасы
|
4-6 мин
7-8 мин
|
Оқушыларға мұғалім қан туралы шағын түсіндірме береді. Қан құрамы, олардың сипаттамалары мен қызметі туралы айтылады.
Қанның қызметі туралы ақпарат беріледі
|
https://www.youtube.com/watch?v=VSVYgivfs9c
Слайд №4
|
8-12 мин
|
Алған білімдерін бекіту мақсатында Иә/жоқ тапсырмасы орындалады
|