1-тапсырма. «Жұптық әңгіме» стратегиясы бойынша оқушылар ертегі мазмұны бойынша ой бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.
1. Өгіз неге өзін өз туыстарынан артықпын деп санады?
2. Өгіздің түйелерге де, жылқыларға да қосыла алмау себебі не?
3. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Осы оқиға адамдарға сабақ бола ала ма?
2-тапсырма бойынша ашық, таныс, табын, қоршау сөздерінің мәтіндегі мағыналарын жазып, тағы қандай мағыналарда қолданылатынын сөздіктен анықтайды. Омонимдерін табады.
3-тапсырма. «Жан-жануарлардың жылға таласуы» ертегісін (12. mр 3) тыңдап, алған әсерлерімен бөліседі. Осы ертегінің желісі бойынша қойылатын спектакльге жарнама жазады
|