Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.
Алдыңғы оқу
Тіл – қатынас құралы
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабағымызды бастамас бұрын сендерді ойсергекке шақырамын. Балалар, «Үндеме» тренингі арқылы көңілімізді көтерейік. Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі. Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі тиіс. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. Енді сабағымызды бастайық!
Қызығушылықты ояту:
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Мәтінге қандай тақырып қояр едіңдер?
Асылы апайдың осы әңгімесінен нені байқадыңдар?
Бүтінін бөліп, жартысын жарып деген тіркестердің мәнін қалай түсінесіңдер?
Қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінен тағы кімдерді білесіңдер?