Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері Модуль /пәнатауы: Биология



бет1/5
Дата17.11.2023
өлшемі35,57 Kb.
#124297
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері
Модуль /пәнатауы: Биология
Педагог: Оракбаева Гульназ Бахытбековна дайындады
2023 жылғы "29" наурыз
1. Жалпы мәліметтер
Курс: 1, топ: СД-85
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері: Білім алушыларға адамның шығу тегі мен эволюциясы, антропогенездің кезеңдері туралы түсінік беру.
3. Күтілетін нәтижелер:
Антропогенез кезеңдерін атайды;
Әр кезеңге тән ерекшеліктерді сипаттайды;
Адам мен адам тектес маймылды салыстырады;
Саналы адамның ата-бабаларын хронологиялық ретпен орналастырады.
4. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, таратпа материалдар, бағалау парағы, оқулық Асанов Н.Г. «Биология» 10-сынып 186-192 бет


5. Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы
20 мин



1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру сәті. Көңілді орта қалыптастыру. Аудиторияның және топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған студенттерді белгілеу.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үй жұмысын «Попкорн» әдісі арқылы сұрау.
1.Жаңадан түр түзілудің тез жүруіне әсер ететін әдіс? (Полиплоидия)
2.Полиплоидия дегеніміз не? (Хромосома санының еселеніп көбеюі)
3. Симпатриялық түр түзілу дегеніміз? (таралу аймағы бөлінбей, сол аумақта жаңа түрдің пайда болу үдерісі
4. «Симпатрия» сөзінің аудармасы? (біртұтас отан)
5.Микроэволюция дегеніміз не? (популяция генофондының өзгеруімен және жаңа түрлер түзілумен аяқталатын эволюциялық үдерістердің жиынтығы)
6.Биологияда түр түзілудің неше түрі бар? (3 түрі бар: географиялық, экологиялық және биологиялық)
7.Аллопатриялық түр түзілу дегеніміз не? (бұл географиялық оқшауланудың нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болу механизмі)
8.Биологиялық оқшаулану дегеніміз не? (бастапұыда бір түрге жатқан даралар өзара будандасу қабілетін жоғалтқаннан кейін олардың әрқайсысы өз бетінше жеке түр болып саналады)
9. Түр түзілу үдерісін зерттеген кім? (С.С.Четвериков, И.И.Шмальгаузен)
10.Монофильдік дегеніміз не? (Дарвиннің теориясы бойынша ,барлық түрлердің шығу тегі бір деп атады)
11. Америкалық ғалым Э.У. Майр (1904 – 2000) түр түзілудің негізгі 3 қағидасын атайды,ол қандай қағидалар? (Филетикалық түр түзілу, буданды
түр түзілу, дивергентті түр түзілу)
12. Филетикалық түр түзілу дегеніміз не? ( бастапқы ескі түрдің өзінен бірте-бірте жаңа түр түзіліп, түр санының өзгермеуі)
13. Буданды түр түзілу ? ( бастапқы екі түрдің қосылуынан жаңа бір түрдің пайда болып , табиғатта түр санының азаюы болады)
14. Дивергентті түр түзілу? – (бастапқы бір түрден жеке топтардың бөлінуі арқылы екі не одан да көп түрдің пайда болуы)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет