Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№2-тапсырма.
Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды анықтап, сұрақтарға жауап бер.
|
• Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген сөзін қалай түсіндірер едің? • Кімдерді ұлы тұлғалар дейміз? • Ата-баба мұралары туралы не айтар едің?
• Біз үшін ең маңызды мұра деп нені бағалайсың?
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№3-тапсырма. Бірінші бағандағы сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып жазып, көтерілген мәселені болжап айт.
|
Айтылым-жазылым:
Мәтін мазмұны
|
Өз ойы
|
Демек, жас өскінді ұланбайтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан атабабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек.
|
|
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады
|