Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№8- тапсырма:
Абайдың сегізінші қарасөзін оқы. Ондағы көнерген сөздерді тауып жаз. Мағынасына қарай тарихи сөздер мен архаизмдерге ажыратып, түсіндір.
|
Айтылым - жазылым:
Абайдың сегізінші қарасөзін оқиды. Ондағы көнерген сөздерді тауып жазады. Мағынасына қарай тарихи сөздер мен архаизмдерге ажыратып, түсіндіреді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады.
|
|