ІІ-тапсырма: Оқулық «Арман –ПВ» 100 бет 2 –кестені толтыру.
Миға шабуыл. 1.Ауа массалары дегеніміз не? 2.Ауа массаларының қасиеттері 3.Атмосфераның жалпы алмасуы дегеніміз не? 4.Ауа массаларының трансформациясы дегеніміз не?
Мағынаны тану . ( мәтінмен жұмыс ) І-топ – Арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
ІІІ- топ – Тропиктік арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
Әр топта сипаттама беру жоспары :
1) Ауа массасының қалыптасу орны. Қайдан келеді?
2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері
3) Қандай ауа райын қалыптастырады?
4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?
5) Ауа райы қалай өзгереді? Антициклон , циклон , атмосфералық фронт
1. Қазақстан аумағына әсерін тигізетін ауа массаларының түрлері
2. Қайдан келеді?
3. Қандай ауа райын қалыптастырады?
4. Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?
Сергіту сәті
1.Антициклон (грекшеanti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады.
Циклон (гр.kyklon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады.