Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар туралы видео ролик көрсетіледі
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».
|
Видео «Жай және күрделі заттар»
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау №1,2,3
|
№1 Химиялық элемент дегеніміз не? Химиялық элемент және жай зат
ұғымдарының айырмашылығы қандай?
№2. Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент, қайсысында
жай зат туралы сөз болады?
А) азот пен оттек ауаның негізін құрайды;
ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді;
б) азот өсімдіктің өсуіне қажет;
в) гелий ең алғаш Күннен табылды.
№3. Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді және олардың бір-
бірінен айырмашылығы неде?
|
Дескриптор:
- Сызба сызады-1б
- Өз тұжырымдарын негіздейді-1б
-Айырмашылығын табады-1б
-Химиялық элементтерді жаттайды-1б
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Оқулықтағы Біліміңді тексер тапсырмасын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Атомдық нөмірлері 6, 8, 12, 18, 22, 33, 29, 79, 80-ге тең
химия лық элементтерді периодтық жүйеден тауып көрсетіп,
оларды атай аласың ба?
Периодтық жүйеде а) ғаламшарлар; ә) атақты ғалымдар;
б) мем-
ле кет; в) қалалар құрметіне аталған элементтер бар ма?
|
Дескриптор:
-Химиялық элементтерді периодтық кестеден тауып көрсетеді-1б
-Периодтық жүйені кесте бойынша түсіндіреді-1б
-Кесте бойынша салыстырады-1б
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|