Басы
|
«Әуе таяқ» — ұлттық ойын.
Бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жас өспірімдер таяқтарымен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екіншісінің таяғына тисе, келісім бойынша белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардікінен бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуеде таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті — соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жас өспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады.
|