Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды (ой қозғау):
Волейболшыға аса қажетті қозғалыс дағдыларын тізбектеп бере аласыздар ма?
Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).
Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.
Сабақтың ортасы:
4 мин.
4 мин.
4 мин.
4 мин.
4 мин.
10 мин.
Волейболдағы арнайы дағдыларды жұптарда және шағын топтарда жұмыстана отырып жетілдіру. Мақсаты: Топтық, жеке жұмыстар арқылы волейболшының дағдыларын жетілдіру, тәжірибелеу жұмысын жүзеге асыру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: Мұғалімнің, сыныптастың көрсетуі арқылы, өзара сақтандыруды қолдана отырып арнайы қозғалыс әрекеттері тәжірибеленеді.