Мұғалім оқушылармен амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:
Тапсырманы жақсарту үшін қандай стратегия жасап шығаруға болады?
Ойын тактикасын қалайша тиімдірек қылуға болады?
Негізгі ойыншы қандай қасиеттерге ие болу керек?
Шабуылдан кейін кім бірінші болып қорғаушы әрекеттер жасайды?
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары».
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң
мұғалім оқушылар арасынан көшбасшыны таңдап оған қозғалыста ЖДДЖ (жалпы дене дайындық жаттығулары) және бір орында АФЖ (арнайы физикалық жаттығулары) өткізуге ұсынады.
Дайындық жаттығуларын орындап болған соң мұғалім оқушыларға презентацияны көруге ұсынады.
Презентацияны тамашалап болған соң мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі де волейбол ойынынан кіші чемпионат өткізеді. Жарыс кезінде оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады.
Тапсырманың дескрипторлары:
- ҚТ ережелерін сақтайды;
- мұғалімнің белгілері мен нұсқаулықтарына мұқият көңіл аударады;
- ойын ережелерін бұзбайды.
Сұраңыз: Бұл жарыс қандай құндылықтарды дамытады?
Жарысты өткізген соң әр топқа тапсырмалары бар қима қағаздарды таратады. Оқушылар тапсырмаларды орындайды.
Мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
Ресми ережелері бойынша волейбол оқу-жаттығу ойыны. Ойын барысында оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады.
Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - ойыншылар ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - ойынының ережелерін бұзбайды.
Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
нені білдім
неге үйрендім
не түсініксіз болып қалды
тағы немен жұмыс істеу қажет
Оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.
|