Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Әділ ойын» және ынтымақтастық
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.1.1 - өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу
|
Сабақтың мақсаты
|
Мақсатқа жету немесе тапсырманы орындау бойынша бірлескен жұмыстарда шешуші көшбасшылық және командалық дағдыларын түсіну және қолдану.
2. Нақты дене жаттығуларын орындаудың сапасын көтеру үшін ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдану.
|
Бағалау критерииі
|
Тапсырма барысында денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін сақтай алады.
Байланыс, реттілік, топ қалыптастыру
Өз шығармашылық ойларын анықтап, түсінеді
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «Санамақ»ойынын ойнату.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Ғаламтор материалы
Көңілді әуен қосып қою.
|
Ортасы
|
Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру
Тек қолмен емес»
Ойын алаңы еден деңгейіне бекітілген волейбол торыме екі бөлікке бөлінген. Әр командада алты адамнан ойнайды. Ойыншылар еденге отырған күйі төмендегі ережелер бойынша ойнайды: үш рет бір жағымен, үш рет екінші жағымен допқа жанасады. Бұл ойында допқа баспен, иықпен, аяқпен жанасуға болады, тек қол тимеу керек. Доп торға арқасымен 1 метр қашықтықта қарап отырған ойыншыға аяқпен беріледі. Ойын жеңіл үрмелі доппен волейбол ережесі бойынша өтеді. Торға аяқпен немесе доппен ауыр салмақ түсіруге болмайды. Ойын «бес» ұпайлық есепке дейін жалғасады.
«Капитанға бағытталған доп»
Дайындық кезеңі. Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді; әрбір команда капитанды және аулаушыны таңдайды. Орталық шеңберге капитандар орналасады.
Ойынның мазмұны. Топ басшылары ысқырық белгісі берілген кезде допты жерге тастайды. Допты игерген команданың әрбір ойыншысы оны ұшқан күйінде қағып алатындай етіп өз аулаушысына лақтырып беруге ұмтылады. Осы кезде ұшып бара жатқан допты басқа команданың аулаушысы қағып алса, сол үшін ұпай иеленеді. Жеңімпаз ең көп ұпай алған команда болып табылады.
Ойын ережесі. 1. Доппен жүгіруге рұқсат етілмейді, ойыншы екі қадам жасауға болады, үшіншісінде допты басқа ойыншыға беру керек. 2. Егер аулаушы допты ауада немесе қарсыластың серпілісі кезінде қағып алса, доп ұсталынған болып есептеледі. 3. Бір уақытта екі ойыншы допты қағып алса, онда дауды шешуші доп беріледі.
.
|
Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.
|
|