Допты табанның сыртқы жағымен тебу. Бұл тәсіл көбінесе допты кесіп тепкен кезде қолданылады. Допты аяқтын ұшымен тебу көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерден нысанаға допты бағыттап ұрғанда қолданылады.
Қозғалыссыз жатқан допты тебу көбінесе айып допты ойынға қосқанда, ойын барысында және қақпашы алаңнан допты ойынға қосқанда қолданылады.
Домалап келе жатқан допты тебу және допты табанның ішкі жағымен басып тоқтату татикаларын пайдалану.яқтың үстімен доп тебу кезінде екі аяқ мынадай қалыптарда болады, тізеден сәл бүгілген жерге тірейтін аяқ допты жанай одан 10-12 см қашық жерге қойылып, аяқтың ұшы доптың ұшу бағытымен бағыттас болады, допты тебетін аяқ тізеден бүгіле артқа қатты сілтеніп, содан кейін тізенің қарқынды жазылуымен алға қарай сілтенеді, соққы доптың дәл ортасына бағытталып, жерге тірелетін аяқтың ұшы сәл көтеріледі де, кеуде алға қарай еңкейеді, допты тебетін аяқ жақтағы қол жазылған қалыпта артқа, екінші қол алға әрі жоғары сермеледі. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі. Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жағымен тоқтатқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтататын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доптың инерциялық күші азайып, тоқтатылады. Домалап келе жатқан допты табанмен тоқтатқанда допты қабылдайтын тізе буынынан бүгілген аяқ допқа қарай шығарылады. Аяқтың ұшы көтеріңкі, өкшк жерден см биіктікке көтерілген қалыпта болады. Доппен түйісккенде қабылдаушы аяқ артқа қарай шегеріледі, сөйтіп доптың инерциялық күші азаяды. Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты табанмен де, табанның ішкі жағымен де тоқтатуға болад
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:
Себетке жылдамдықпен сал;
Негізгі тұрыста допты денеге жақын ұста;
Егерде бір қолмен лақтырсаң онда лақтыру қолыңның шынтағын себетке бағыттайсың;
Бағыттаушы саусақ арқылы допты жібер;
Лақтыруды қолмен және қолдың басымен шығарып сал;
Лақтыруға толық назар ұста;
Бұл сабаққа қимыл әдісімен ҚБ
Үлкен саусақ жоғары болса-өте жақсы
Үлкен саусақ жанға болса-қателік бар
Үлкен саусақ төмен болса-нашар
|
Ойын ережесін біледі
Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді
Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады
Жаттығуларды орындау кезінде аяқтың қолдың белдің дұрыс бағытта қозғалуын дұрыс орындайды
Допты дұрыс тебу, тоқтату тәсілдерін ойында дұрыс пайдаланадыу. Ойын ережесінің қатаң түрде сақталуын ескереді
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
|