Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру



бет81/158
Дата26.01.2023
өлшемі9,71 Mb.
#63014
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   158
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ

- Негізгі жаттығулар.
- Дайындық жаттығулары.
- Жетекші жаттығулар.
Футбол ойынының ұзақтығы: 90 мин. Екі бөлініп ойналады 45 минуттан. 10 минут -үзіліс. Ойыншылар саны: 11 адам. Мини футбол ойыншылар саны: 4-8 адам. Ойыншылар саны алаң көлеміне арап белгіленеді. Ойынды жүргізілетіндер алаңда жүретін бір төреші, алаңның сыртқы жанында екі төреші болады.
Допты аяқпен тебу(ұшымен) тәсіл айып добын соғу, болмаса ойын үстінде қақпаға қарай доп соққан кезде жиі қолданылады бұл доп тебу түрі тіке жүгіріп келіп тебу арқылы жүзеге асады.
Аяқтың үстімен доп тебу кезінде екі аяқ мынадай қалыптарда болады, тізеден сәл бүгілген жерге тірейтін аяқ допты жанай одан 10-12 см қашық жерге қойылып, аяқтың ұшы доптың ұшу бағытымен бағыттас болады, допты тебетін аяқ тізеден бүгіле артқа қатты сілтеніп, содан кейін тізенің қарқынды жазылуымен алға қарай сілтенеді, соққы доптың дәл ортасына бағытталып, жерге тірелетін аяқтың ұшы сәл көтеріледі де, кеуде алға қарай еңкейеді, допты тебетін аяқ жақтағы қол жазылған қалыпта артқа, екінші қол алға әрі жоғары сермеледі.
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі. Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жағымен тоқтатқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтататын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доптың инерциялық күші азайып, тоқтатылады. Домалап келе жатқан допты табанмен тоқтатқанда допты қабылдайтын тізе буынынан бүгілген аяқ допқа қарай шығарылады. Аяқтың ұшы көтеріңкі, өкшк жерден см биіктікке көтерілген қалыпта болады. Доппен түйісккенде қабылдаушы аяқ артқа қарай шегеріледі, сөйтіп доптың инерциялық күші азаяды. Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты табанмен де, табанның ішкі жағымен де тоқтатуға болады.
2. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет