Саптағы бой жазу жаттығулары
— Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
— Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
— Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
— Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
— Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
— Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
— Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
— Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
— Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
— Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
— Дем алу, дем шығару.
|