Сабақтың тақырыбы: Autocad бағдарламасынан молельдер жасау Сабақ мақсаттары



Дата10.11.2022
өлшемі462,98 Kb.
#49035
түріСабақ
Байланысты:
3д 5


Педагогтің аты-жөні:

Ерубай Ұ.Е

Күні:




Сыныбы:




Сабақтың тақырыбы:

AutoCAD бағдарламасынан молельдер жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:
SketchUp үш-өлшемді редакторының интерфейсімен танысады

Көптеген оқушылар үшін:
Үш-өлшемді редакторлардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасауды үйренеді.

Кейбір оқушылар үшін:
Сырттан обьекттер кірістірудің қосымша мүмкіндіктерін қолдану тәсілдерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  1. SketchUp үш-өлшемді редакторының интерфейсін біледі;

  2. Үш-өлшемді редакторлардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасай алады

  3. Сырттан обьекттер кірістірудің қосымша мүмкіндіктерін қолданудың тәсілдерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
өз модельдерін көрсете алады (айту және тыңдау дағдылары).
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
3D редактор, модель, модельдеу, SketchUp, примитивтер Үшөлшемді модель
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
- Құрастырылған модель … сәйкес келеді
- Мен модельді … негізінде әзірледім

Тірек білім, білік, дағдылар

Модельдер, 3D-модельдер

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы
3 мин

7 мин



Ой сергіту
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

  • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта,

топта, ұжымда).
«Өкіл» әдісі
Оқушылар басқа топтан келген өкілдерге өткен сабақта берілген өз мектептері туралы құрған мәліметтер қорын түсіндіріп береді.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Компьютер

Негізгі бөлім
3 мин

5 мин

7 мин


Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)

  • Үшөлшемді графиканы құру мен редакциялау үшін қандай программалық орта қолданылады?

  • SketchUp программасының қандай мүмкіндіктерін білесің?

  • SketchUp программасын қалай іске қосуға болады?

Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.
Практикалық жұмыс
1-тапсырма. Программаны келесі алгоритм бойынша іске қосыңдар:

  1. Іске қосу (Пуск) батырмасына басыңдар, Барлық программаларды (Все программы) таңдаңдар.

  2. Добро пожаловат в Sketch Up терезесінен Шаблонды таңдауды (Выбрать шаблон) ашыңдар. Бірнеше шаблон нұсқауларының қажеттісін ішішен таңдап алыңдар.

  3. Начать использования Sketch Up батырмасына басыңдар. Sketch Up программасының интерфейсін қарастырайық. Программаның жұмыс терезесі бірнеше аймақтарға бөлінген (5.4 -сурет):

- меню –мәтіндік менюлер жиынтығының тақтасы;
- модельдеу аймағы программаның жұмыс үстелінің негізгі бөлігін алады. Бұл аймақта барлық модельдеу процесі жүзеге асырылады;
- меню қатары экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан, ол ағымдағы ашық тұрған файылдың атын көрсетеді.;
- құралдар тақтасы менюдің төменгі бөлігінде орналасқан. Ол құралдармен және опциялармен жұмыс жасау барысында «көп талап етілетін» батырмалардың тобынан тұрады;
- қалып-күй қатары моделдеу аймағының төменгі бөлігінде орналасқан.
- тақтаның сол жақ бөлігінде жобаны идентификациялаудың бірнеше опцияларының батырмалары және нұсқаушы терезе (окна инструктора), яғыни Sketch Up программасымен жұмыс жасаудың анықтама терезесі орнналасады.

Дескриптор


Sketch Up программасын іске қоса алады.

Оқулық Bilimland.kz


Компьютер



7 мин


2-тапсырма. Тәжірбие жасаңдар
Құралдар тақтасы 20 батырмадан тұрады (5.1 -кесте). Тінтуірдің оң жақ батыомасын құралдарға апарып басу кезінде пайда болатын жылжымалы анықтамадан құралдардың қызыметін оқып біліңдер.
Дескриптор
Құралдардың қызметін біледі
Оқушылардың жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалау. Бағдаршам суреті салынған плакат, стикерлер.






Оқулық Bilimland.kz
Компьютер

Аяқталуы
7 мин

Рефлексия

  1. Sketch Up программасын қалай іске қосуға болады?

  2. Sketch Up программасының интерфейсі Paint графикалық редакторынан қалай ерекшеленеді?

  3. Sketch Up редакторы қандай аймақтарға бөлінеді?

  4. Қандай құралдар жиі қолданылады деп есептейсіңдер?

  5. Өз өміріңде 3D редакторын қолдануды қалай елестетесіңдер?

«Сенім ағашы» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ағашқа жапсырады.

Жұмыс дәптері


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет