Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы Сабақтың мақсаты


ІҮ. Көрші елдермен қарым-қатынасы



бет4/4
Дата09.03.2022
өлшемі0,55 Mb.
#27380
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ хандығы

ІҮ. Көрші елдермен қарым-қатынасы.

1 тапсырма

Кластерді толтыр



ІІ тапсырма «Қашан? Қайда? Не болды?»


Қашан ?

Қайда?

Не болды?

1428 жыл

Ақ Ордада

Барақ хан белгісіз жағдайда қаза тапты.

ХҮғ

Екіретүп жерінде

Тоқа-Темір ұрпақтарын Әбілқайыр жеңді.

1446 жыл

Атбасар маңында

Мұстафа ханды тас-талқан етіп жеңді.

1456-1457 жылдары

Сығанақ қаласы түбінде

Үз-Темір бастаған ойраттардан Әбілқайыр хан жеңіліп қалды.


ІІІ тапсырма «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

Жәнібек хан – ...........................................



Керей хан – ...............................................

ІҮ тапсырма

«Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады»

  1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: (Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)

2. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? (XV ғасырдың ортасы)

3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан бөлініп кетті? (Әбілхайыр хандығынан)

4. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайда көшті? (Моғолстанның батыс аймағына)

5. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. («өзбек-қазақтар»)

6. XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны. (200мың)

7. Моғолстан билеушісі Есен Бұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып,олардың көмегімен неге үміттенді? (өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге)

8. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы. (Есен Бұға)

9. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың  XV ғ. басында басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары. (ру-тайпалармен бірігу,тыныштықта өмір сүру үшін)

10. XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет. (Қазақ тайпаларының басын қосып,этникалық аумағын біріктіру)

11. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасырдың ортасы)

12. Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы. (1465-1466жж.)'>(М.Х.Дулати)

13. М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466жж.)

14. Қазақ хандығының негізін салушылар. (Жәнібек пен Керей)

15. Жәнібек ханның шын есімі. (Әбусаид,халық Әз-Жәнібек деп атаған)

16. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы. (Шу мен Талас өзендері маңы)

17. Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер. (Жетісу)

18. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер. (Қозыбасы)

19. Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады?  (Жәнібек пен Керейге)

20. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар. (Созақ,Сығанақ)

21. Қазақ хандығы қай жылдары құрылды?  (1465-1466жж.)
Ү й т а п с ы р м а с ы

  1. §36 Қазақ хандығының құрылуы

  2. Кескін картаға Қазақ хандығын түсіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет