Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет43/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Сан есімнің синтаксистік қызметі
Сан есімдер сөйлемнің бес мүшесі де бола алады.
1. Зат есімнен бұрын тұрып немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады. Осы күні бұл университетте бір ғана Болгариядан 650 қыз бен жігіт оқып жүр. Жалғыздың ісі бітпес (мақал).
2. Топтау сан есімдері етістіктен болған мүшелермен байланысып көбінесе пысықтауыш мүше болып келеді. Ат баспаймын деген жерін үш басады. Абай бұл үйге кіргенде, әр столдың айналасында екіден-үштен отырып, кітапқа үңілген жандарды байқадық (М.Ә.).
3. Жинақтық сан есімдер атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Аларманға алтау аз, берермен бесеу көп.
4. Атау мен іліктен басқа септіктерде тұрып толықтауыш болады. 1. Сонда мен ойлап-ойлап қырыққа тоқтағам. 2. Оннан төртті кемітсек, алтау қалады.
5. Жинақтық сан есімдер мен есептік сан есімдер зат есім сөзінен кейін айтылып, сөйлемнің соңында келсе, баяндауыш болады. Мысалы: семіздің аяғы сегіз (мақал-мәтел). Бес жерде бес- 25. сондай-ақ сан есімдердің жіктелген түрлері де баяндауыш болады. –Мен елу екідемін, -деді бір кезде Жақып тұнжыраған қалпын бұзбастан (Ғ.М.). Қазірде әуелгі отыз үй жүз елуге, отыз мал он мыңға, отыз гектар екі мыңға жетті (Ғ.Мұст.).
5.Бақылау сұрақтары:
1. Сан есім
2. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі

12-Лекция


1.Лекция тақырыбы: : Есімдік
2Лекция жоспары:
1. Есімдік туралы жалпы сипаттама.
2. Есімдіктің жасалу тәсілдері.
3. Есімдіктің синтаксистік қызметі.
4. Есімдіктердің мағыналық топтары..
3.Лекция мақсаты: Студенттерге «Есімдік» тақырыбын меңгерту, оны практикад
1. Есімдік туралы жалпы сипаттама.
Есімдіктер есімдер тобына жатады. Есімдіктің бірқатары затпен тіркесе қолданылып, тікелей заттың атауын да, сынын да, санын да білдірмей, сол заттың атауын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Сөйтіп басқа сөз таптарының орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейміз. Есімдіктер белгілі бір түсінікті, я ойды жалпылама түрде меңзеу арқылы білдіреді. Олардың нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мәселен: Ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С.Е.). Сен қымсынба, артыңда біз бармыз (М.Ә.) деген сөйлемдердегі ол, сен, біз есімдіктерінің мағынасы нақтылы емес. Бұлардың дәлді мағыналары сол сөйлемдерден бұрын айтылғын сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Есімдіктердің мағыналары қаншалықты жалпы болғанымен, ол мағыналар есімдіктердің қандай сөздер орнына қолданылуына байланысты зат немесе заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып жатады. Мысалы: үшін, мен, сен, ол жіктеу есімдіктерін бұл, сол сілтеу есімдіктерін кім? Не? Қай? Сұрау есімдіктерін алайық. Осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, мен, сен, ол, кім, не есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер де, бұл, сол, қай есімдіктері заттық белгісі ұғымдағы сөздер қатарына жатады. Міне осындай мағыналық екі жік есімдік сөздерді 2 салаға бөледі.
1.Заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары- субстантивтік есімдіктер.
2.Заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары- аттрибутивтік есімдіктер.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Олардың түрленуінде есімдерге ұқсастықтар болғанымен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мәселен, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде, қолданылып тұрғанда грамматикалық формалардың ешбірінде қабылдамайды. Бірен-саран қосымшалар арқылы ғана жасалған кейбір ескі сөздер болмаса, есімдіктерден жаңа сөздер жасалмайды. Бірақ есімдіктердің бір кездерде қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабілеті өте күшті болғаны ерекше көзге түседі. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен –мын//мін, -сың//сің сияқты жіктік жалғаулары –м, -ң, -ы секілді тәуелдік жалғаулары, ал біз, сіз жіктеу ес-нен –мыз//міз, -сыз//сіз сияқты көптік мәндегі жіктік жалғаулары мен тәуелдік жалғаулары жасалған. Қазақ тіліндегі есімдіктер сан жағынан көп емес, не бары 150-дей сөз. Бірақ бұлар тілімізде өте жиі қолданылады.
Мағыналарына қарай есімдіктер 7 топқа бөлінеді: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, болымсыздық есімдігі, жалпылау есімдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет