Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет49/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Етістік негізді етістіктер
Семантикалық ерекшеліктері мен қызмет-қабілеттеріне қарай етістік негіздеріне жалғанатын жұрнақтарды екі салаға бөлуге болады:
1. Амалдың (істің) өту сипатын білдіретін жұрнақтар.
2. Амалдың субъектіге қатысын білдіретін жұрнақтар.
І. Істің өту сипатын білдіретін жұрнақтар.
1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те барлық түркі тілдерінде туынды түбір етістік жасайтын өнімді жұрнақ болып саналады. Қазақ тілінде етістік түбірінің лексикалық мағынасына амалдың еселеніп, жиілеу сипатын білдіретін мағына-реңк қосады. Мәселен, үрле, тістеле, қамала, жанышта, түйреле, сабала, үйкеле. Сондай-ақ бұл жұрнақ үстеу, одағай, еліктеу сөздерден де етістік тударыды. Төменде, кейінде, ілгеріле.
2. Ымсыра (імсіре, мсыра, мсіре). Жыламсыра, күлімсіре.
3. –қыла, -кіле, -ғыла, -гіле. Үргіле, жұлқыла, соғыла, тепкіле, кескіле.
4. –қышта, -ғышта, -кіште, -гіште, -ышта, -іште. Айтқышта, қарғышта, қарашта, жолығышта т.б.
5. –мала, -меле, -бала, -беле, -пала, -пеле. Тізбеле, термеле, итермеле, қақпала, саумала т.б.
6. –ыңқыра, -іңкіре, -ңқыра, -ңкіре. Оңы-ңқыра, байқа-ңқыра, бер-іңкіре.
7. –шы, -ші, көнші, көпірші, таншы, шапшы.
ІІ. Амалдың субъектіге қатысын білдіретін жұрнақтар.
Бұлар түбір етістікке де, туынды етістіктерге де жалғана береді.
1. –ын, -ін, -н. Сұран, таран, оран, ойлан, жуын, жылын, өкін, көрін, киін т.б.
2. –ыл, -іл, -л. Айтыл, қойыл (ды), қамал, жуылды, үзілді, шешілді, кесілді.
3. –тыр, -тір, -дыр, -дір, -т, -қыз, -ғыз, -кіз, -гіз. Айтқыз, жапқыз, күйдір, толтыр, септір, ектір т.б.
4. –ыс, -іс, -с. Айтыс, тартыс, әкеліс, әперіс, көріс, біліс, сөйлес, таныс т.б.
Істің субъектіге қатысын білдіретін бұл жұрнақтар бірінің үстіне бірі жалғанып, тиісті қосымша реңк- мағына үстейді. Житнастыр, сөйлестірт, сөйлеткіз, сөйлестірткіз.
Етіс аффикстері туынды түбір етістік жасайтын аффикстер құрамына енеді.
Туынды түбір етістіктерді жасалған тегіне қарай сұрыптасақ, зат есімге 30 түрлі негіз аффикс (фонетикалық варианттарымен жүзге тарта) қосылып, синтетикалық модель арқылы туынды түбір етістік жасалады.
Сөйтіп, Қазіргі қазақ тілінің фактілері тұрғысынан қарағанды туынды түбір етістік жасайтын сексеннен астам негізгі аффикстер, оларды фонетикалық фарианттарымен қосып есептегенде, жүз алпыстан астам аффикс бар екені байқалады. (А.Хасанова. қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер, 1959, 24 бет).
С.Мырзабековтың зерттеуінше, туынды түбір етістік тудыратын аффикстердің жалпы саны 240.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет