Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет24/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Күрделі сөздер
Қазіргі тілімізде күрделі сөздер өте жий қолданылады. Олардың өздеріне тән әр түрлі сипаттары мен ерекшеліктері бар күрделі сөздердің сипаттарына олардың жасалу жолдарын, шығу төркіндерін және жалаң сөздерден, жай синтаксистік тіркестерден ажырайтын айырмашылықтарын жатқызуға болады. Бұл мәселелердің грамматика үшін ғана емес, лексикография мен лексикалогия үшін де, тілдің тарихы үшін де әрі практикалық, әрі теориялық маңызы бар.
Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөздер идеомалану (қырын қабақ болу, аузына құм құйылу) лексикалану (қос аяқ, қазан, аққу) лексикалану бір компонентінің алғашқы мағынасынан айрылуы- )көсегең көгерсін, тауым қайтты, міз бақпайды) грамматикалық (тау-тас, ел-жұрт, қай-қайсы, үлкен-кіші, айта бер, бара ғой) процестерінің нәтижесінде пайда болған. Аталған лексика-семантикалық және грамматикалық жолдар арқылы қалыптасқан күрделі сөздер іштей өзара да біріккен сөз әуені қара ала құс деген үш тіркесінің бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Сол сияқты ала тау, ала аяқ, ата-ана, іні-қарындас, ақ сары, сары ала, он екі, құрмет ет, көз сал, обком, пединститут күрделі сөздер компоненттерінің ара қатынастары жағынан іштей біркелкі емес. Осылайша қалыптасқан күрделі сөздерді біріккен сөздер, қос сөздер, құрама (тіркескен) сөздер, қысқарған сөздер деген 4 салаға бөлуге болады. Құрама сөздердің лексикаланған, идеомаланған түрлерін талдау фразеология (сөздерінің) ғылымының үлесі, ол грамматикаланған түрлері тиісті сөз таптарының тұс-тұстарында қаралатындықтан, олар жөнінде қысқаша сипаттамалар бере кетейік. Алайда күрделі сөздердің ерекшеліктерімен байланысты сыр-сипаттары әбден тексерілмейінше, оларға жіктеу де соншалықты қиын мәселе. Күрделі сөздердің әлі де анықталмаған, шешілмеген мәселелері көп.
1. Құрама (тіркескен) сөздер
Құрама сөздерден тұтас бір ұғымды білдіретін құрамындағы компоненттері үнемі семантикалық бірлікте жұмсалатын және қызметі жағынан бөлшектенбейтін екі я одан да көп сөздердің тіркесін айтамыз. Бұған тұрақты сөз тіркестері (екі дұрыс, табан тіреу, ауыз жаласу, қас пен көздің арасында, жүрек жұтқан), күрделі зат, сын, сан есімдер (зал іші, институт жаны, қара көк, көк шұбар, жиырма бес, он төрт). Күрделі және құранды етістіктер (алып кел, жаза сал, рұқсат ет, құлақ қой, ән сал, дем ал т.б.) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет