4. Өздік есімдік. Өздік есімдік сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні басқа субстанциялар мен құбылыстардан бөліп барып көрсетеді. Бұған екі ғана өз, өзін-өзі, өз-өзі сөзі жатады. Өз сөзі көбінесе тәуелдеулі түрде жиі қолданылады. Мысалы: өзім, өзіміз, өзің, өзіңіз, өздеріміз, өздерінің, өздері.
Тәуелдеулі есімдіктің жұмсалуында екі түрлі ерекшелік бар: 1.Жіктеу есімдіктерімен қабаттасып та, қабаттаспайда қабылданады. Мысалы: өзім-мен өзім, сен өзің, ол- өзі.2. Бастауыш болатын өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса баяндауыш та жіктіктің сол жағында тұрады. Ал тәуелдеулі зат есімдерде ондай қасиет жоқ. Мысалы: өзім келдім (жақтасады)- жолдасым келді (жақтаспайды).
Өздік есімдіктері әр қилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды қабылдай береді. Бірақ өз жартысы жалғаулы болғандықтан, оларға өзге формалар әрқашан тәуелдік жалғауларының үстіне жалғанады. Мысалы: өзіммін, өзіңсің, өзіміз т.б.
Тәуелдеулік өздік есімдік тәуелденген зат есімше септеледі, өзім, өзімнің, өзіме т.б. Өздік есімдіктің көнеленген кейбір тұрін сын есім категориясына ауысқан деуге болады. Мәселен, өзгеше шал, өзге дене. Бұлар ширақ жұрнақтарын да қабылдайды (өзге –леу, -рек).
Өздік есімдіктерінен сөз тудырушы қосымшалар арқылы біраз жаңа сөздер де пайда болады. Мысалы: а) өзімшіл көңіл, өзіңдей көр, өзіндік меншік (ту.сын.ес.), өзінше топшылау (үстеу). ә) өз-өзінен оралу, өзіне-өзі үгітілу, өзді-өзі сыбырласу т.б.
5. Белгісіздік есімдіктері. Бұлар зат пен құбылыстарды және олардың сан, сапа-белгілерін т.б. анық етіп ашық айтпай белгісіз етіп көрсететін сөздер.
Белгісіздік есімдіктері жасалу жолы мен шығу төркіні жағынан 2 салаға бөлінеді. 1. Кейбір сөздердің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтай келе, белгісіз мағыналарға ауысу жолымен, яғни лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер. Бұған сан есімдерден ауысқан бір, біреу сөздері және кей сөзі, сондай-ақ араб тілінен ауысқан әр, әлде, пәлен сөздер жатады.
2. Белгілі бір сөздердің өзара бірігіп қоданылуы арқылы жасалған сөздер: бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбір, кейбіреу, қайсібір, әлдене, әлдекім, әлденеше, әлденеме, әлдеқалай, әлдебір, әлдебіреу, әркім, әрне, әрнеме, әрқайсы, әрбір, әрқалай, әрқашан, әрдайым.