Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет47/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Белгісіздік есімдіктері - әр түрлі сөз таптарына белгілі боп отыратын сөздер. Сол себепті оларға грамматикалық формалар бірдей жалғана бермей, олардың қай сөз табы орнына қолданылуына байланысты соған сай қосылып отырады. Мысалы: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқалай белгісіздік есімдіктері сын есімдерге ұқсас болса, біреу, әлдене, әлдекім, әрнеңе сөздері зат есімдерше түрленеді. Осы тәрізді бірнеше, әлденеше сөздері сөздері сан есімге әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай есімдіктері үстеу сөздерге белгілі.
Біреу, кей, пәлен есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы да жаңа сөз жасалады. Біреу-міреу, кей-кейде, пәлен-түген.
Белгісіздік есімдіктерінен сөз тудыруша грамматикалық формалар арқылы да біраз жаңа сөздер жасалады. Мәселен: пәлен-ше-дей, бір-ер, бір-аз, бір-ауық т.б. Осында пәденше байдың баласы әйел алыпты (қаз.ерт.), бірер сағат ұйықтап алып Асқарды ауыстырмақ боп, Кузнецов үйіне кетті (С.М.). Біраз адам жауаптан кейін ақталған (С.М.). Олар бірауық шуласып, талас-тартысып үріп кетті (М.Ә.).
Бөгде және –есе, -де қосымшаларын қабылдаған бір сөзінің бір-есе, бір-де түрлері шылаулар дәрежесіне ауысқан.
6. Болымсыздық есімдіктері.
Болымсыздық есімдігіне: еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешбір, ешбіреу, ешқайсы, бірде-бір, ешқандай, дәнеңе, түк, дым, ешқайда, ешқайдан, ешқашан, бірде-бір (бір сөзі мен шылауының тіркесінен жасалған) деген сөздер жатады. Бұлар белгілі бір сөздердің, я сөз тіркестерінің лексикалануы арқылы жасалған. Бір де тіркесі еш деген болымсыз есімдігімен, бірде-бір тіркесі ешбір деген болымсыз есімдігімен мағыналас болып келеді. Мысалы: жұмыссыз жүрген бір де (еш) жан жоқ (Ы.А.). Бұған бірде –бір құстың сайрағаны ұнамайды (қаз.ерт.). Осындағы бір де, бірде-бір сөздерін еш, ешбір сөздерімен ауыстырып айтуға болады.
Болымсыздық есімдіктері құрамының әр түрлі болып келуі сияқты олардың өзгеріске түсу, түрлену жүйелері де әр қилы болып келеді.
7. Жалпылау есімдігі.
Жалпылау есімдігі екі заттың немесе толып жатқан біркелкі, не әрқилы заттар мен құбылыстардың жиынтығын жалпылай көрсетеді. Олар: бүкіл, күллі, тамам, бар, бәрі, барлық, жалпы, тегіс, дүйім, барлығы. Барша, баршасы. Бәрі-бәрі, бүтін, түгел.
Жалпылау есімдігі- лексикалық және морфологиялық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. 1. Негізгі лексикалық мағынасынан алшақтау нәтижесінде пайда болған жалпылау есімдігі: бар, бүкіл, күллі, тамам сөздері.
2. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған жалпылау есімдіктеріне бар есімдігінен тараған. барлық, барлығы, барша, баршасы, бәрі деген сөздер жатады.
Жалпылау есімдігіне жіктік жалғауы мүлде жалғанбайды. Ал септік жалғаулары олардың тек тәуелденген түрлеріне ғана жалғанады. Барлығына, баршасы т.б.
Жалпылау есімдігінің бірігіп айтылуы тек бір-ақ жағдайда болады, яғни бәрі есімдігі мен бір сөзінің бірігуі арқылы жасалған «бәрібір» түрінде ғана кездеседі.

13-Практикалық сабақ.


Етістік. Етістіктің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаты. Көсемше, оның мағыналық және тұлғалық өзгешіліктері, түрлері, синтаксис-тік қызметі. Рай категориясы, түрлері.


Етістік
Етістік қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен ерекше орын алады. Етістік сөздердің есімдерге қарағанда грамматикалық тұлғалары да, лексика-грамматикалық мағыналары да әр түрлі, сөйлемдегі қызметі өзгеше.Аталған сөз таптарының айырмашалығы жеке тұрғандағыдан гөрі сөйлдем ішінде, белгілі сөз тіркестері құрамында анық байқалады. Заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін және қарым-қатынастық қимыл түрінде өзгеру процесін білдіретін сөздер етістік деп аталады. Есім сөздерімен салыстырғанда етістік өзгергіш, сөйлем құруда, сөз тіркесін жасауда өте икемді қызмет атқарады. Не істеді? не істейді? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар етістіктердің сөйлемдегі грамматикалық тұлғаларына қарай өзгеріп отырады.
Етістіктердің үш белгі-сипаты болады. Олар:
1. Лексика-семантикалық сипаты бір іс-әрекетті білдіретін етістіктер: не, жаз, қаз, кес; майла, боя, асфальтта; көтер, апар, жық, бас, көр, есіт, оқы.
2. Бейнелеу етістіктері; едірей, бедірей, жыми, ойбайла, ыңырсы, сусылда, сайра т.б.
3. Көмекші етістіктер тобы; е, де, ет, жазда етістіктері үнемі көмекші компаненттер тобын құрайды (е,-ді,-кен,-ме-с; деп,-ді, де-й-ді,-тін)
4. Субьектінің қозғалысын, бағытын білдіретін етістіктер: түс, шық, кел, ұш, самға, жылжы т.б.
ІІ. Лексика-грамматикалық сипаты (ерекшеліктері). Етістіктердің лексика саласында тануға болатынын түбірін алып қарағанның өзінде өздері беретін семантикамен ғана шектеліп қалмайды. Мысалы, оқы, үйрен, ізде т.б. осы сияқтылар лексикалық мағынасымен бірге жақ (екінші), жекелік мағыналарды да білдіріп, оқы, үйрен, ізде дегенде нені? Деген заңды сұрақты да тудырып тұр. Сөйтіп, түбір етістік ешбір тұлғалық өзгеріске түспей-ақ, бір жағынан, тілдің лексикасы, екінші жағынан грамматикасымен тікелей байланысып жатады. Белгілі тіл маманы И.Е.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөледі. 1. Негізгі етістіктер. 2. Функциялық-етістіктер.
Негізгі етістіктер-етістіктің есімше, көсемше, рай, шақ, формаларын жасауға негіз болады. Етістіктің болымсыздық түрін жасайтын-ма/ме, - ба/бе, - па/пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Ал функциялық етістіктің марфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Бұл қосымшалар негізгі етістіктер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсететін белгі ретінде жұмсалады. Мәселен, ойла-ма-ған, кел-ме-ген, айт-па-ды, қал-ма-са, отырғыз-ба-й-мын.
Негізгі етістіктер өз ара түбір етістіктер және мадификациялы етістіктер болып екіге бөлінеді. Түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздер жатады да, олар тұлғасына, жасалу жағына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мадификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік күшейтпелі етістік (-ыңқыра, жүр-іңкіре т.б.) күрделі етістік (оқып еді, ер жету, мыңқ етпеу) формалар жатады.
Функциялық етістіктер – етістік негіздеріне арнайы жұрнақтар жалғану арқылы туатын грамматикалық формалар. Етістіктің мұндай формаларына есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай формасы, - ғы тұлғалы және ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдері жатады.
Бұлар өздерінің морфологиялық және синтаксистік қызметіне қарай үш түрлі функция атқарады.
1. Бұлардың бір тобы семантикасы мен синтаксистік қызметі жағынан зат есімдерге жақын келеді. Қимыл есімдерден зат есімде айналған сөздер өте көп. Мысалы, оқу, жазу, егеу, соққы, түрткі, айтыс, қатынас, сөгіс т.б.
2. Есімшелердің сын есімнің функциясын атқаратындығы. Мәселен, мінетін ат, келген кісі, сөйлеуші адам, айтар сөз.
3. Көсемше формалар өзінің марфологиялық белгісі және синтаксистік қызметі жағынан үстеу сөз табына жақын, яғни үстеудің функциясын атқарады. Мысалы, оқыпсың, жазамын, қайтқалы отырсың, айтсаңшы, айтсаң етті т.б. Қимыл үстеу етістіктер формаларының қимыл есім және қимыл сын етістіктерінен өзгешілігі бұлар септік, тәуелді, көптік формаларымен түрленбейді, тек қана жіктік жалғаулары арқылы түрленіп, предикаттық қызмет атқарады: оқыппын, жазасыз т.б.Сөйтіп, етістіктің жіктелетін формалары белгілі сөз таптарының функциясын атқаруына байласынты функциялық етістіктер деп аталады. Етістік формаларының ішінде басқа сөз таптарының функциясын атқармайтын, тек жақ жалғауларымен түрленіп, предикатив қызметінде етістік мағынасында жұмсалатын – жедел өткен шақ формасымен бұйрық рай формасы. Сонымен, етістік кадегорияларын мынадай тәртіппен сатылап өтуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында рай, шақ категориялары (И.Е.Маманов «Қазіргі қазақ тілі, етістік, Алматы, 1966, 5, 9-15, 81-83 беттер»)
ІІІ. Грамматикалық сипаты. Өздерінің грамматикалық қолданылуында бір-бірімен ауыспалы қарым-қатынаста келетін шақ рай, жақ категориялары жеке –дара сараланып қаралатын есімше және көсемшелер мен де тығыз байланысып жатады. Бұл ашық райда анығырақ байқалады. Барарсың, барғанбыз, бармақшы (есімше); қарайсыз, көріпті, бермейміз (көсемше) т.б.Сөйтіп жоғарыда аталған категориялар осы тәрізді тұтастығы және грамматикалық ерекшеліктерімен етістіктің грамматикалық жалпы сипатын танытады. Бірақ оған қарамай, бұлардың әр қайсысы бір-бірінен бөліп, өз алдына саралап қарауға келетін дербес категорияларға жатады.
Жіктелген етістіктер дара және негізгі етістіктер немесе есім сөздерімен тіркесе келіп сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мұнымен қатар жай және құрмалас сөйлемдердің, толымды, толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдердің, сөйлем мүшелері мен сөз тіркестерінің жасауына негіз болып отырады. Меңгеру қасиетіне қарай тура және жанама толықтауыштарды белгілеп, айтайын деген ойды тиянақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет