Көсемшенің синтаксистік қызметі Жеке-дара сөз есебінде көсемшелер қолданылмайды, бұларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылып, морфологиялық жағынан түрленбейді. Тек қана, жіктеледі (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақ тұлғаларынан басқасы).
Көсемшелер етістік негіздері және олардан тараған етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен субстантивтік одъективтік (одъектив, лат.тіл adjicere- «қосу», «үстемелеу» ация – сын есім) қызмет атқармайды. Тек пысықтауыш, баяндауыш болады және күрделі етістік компоненттерінің құрамында негізгі сыңар болып қызмет етеді.
1. Өзінен кейінгі іс-әрекеттің амалын, мақсатын, және мезгілін көрсетіп, сөйлемде сын-қимыл, мақсат, мезгіл пысықтауыштардың қызметін атқарады. Мысалы: Олар ертеңгі жүрістің жобасымен танысып, келісіп, уәделесіп тарасқан көрінеді (М.Ә.). Бұл оқу орнына оқуғалы келгенмін. Осыман қорықтан шыққалы, таңертеңнен бері, бөгелместен таратқан үш жолаушы кешке Абайдың өз үйіне кеп жетті (М.Ә.).
2.көмекші етістіктермен күрделеніп, субъектінің негізгі іс-әрекетін көрсетеді. Жай және құрмалас сөйлемдердің баяндауышы болады. а) Дәу маялар айыр ұшымен ұшып жатыр (Ғ.М.). ә) Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, оны басыңқы мен байланыстырады. Мәселен: Марфуғаны Айбарша әрең дегенде уатып ас даярлауға кіріскен еді (С.М.). б) Құрмаластың басыңқы сөйлемінің баяндауышы қызметін атқарады екі-үш күн қонақтағаннан кейінгі (мезгел бағ.), Бәтестің аулынан аттанып кеттік (С.М).
Етістіктің рай категориясы, оның түрлері, жасалу жолдары Модальдік категория- сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жолдары. Модальдік категорияның етістік тұлғалары арқылы берілетін амал-тәсілдердің жүйесі етістіктің райы деп аталады.
Сөйтіп рай категориясы сөйлеуші баяндайтын әрекет-қимылдың объективтік шындыққа қарым-қатынасын білдіреді. Субъект (сөйлеуші) пен амал-әрекеттің арасындағы қатынас әр түрлі болып келеді. Сондықтан сөйлемде айтылатын ой-пікір объективтік шындықты анық етіп білдіреді немесе күңгірт көрінуі мүмкін. Әрекет –қимылдың ақиқатқа (шындыққа) қатысын білдіруіне қарай етістік райлары ашық (негізгі) рай және неғайбыл (қосалқы) райлар деп аталатын екі сала -топқа бөлінеді. Бұлардың айрмашылықтары мен сипаттары төмендегідей.
1. Ашық райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды, неғайбыл райларда бұлар болады. сөйтіп семантика- грамматикалық жағынан ашық рай әрекет –қимылдың реалды екенін, ал неғайбыл райлар амал-әрекеттің реалды емес екенін білдіреді. Барамын, барды, баршы, барсын, барайын.
2. Ашық рай әрекет қимылды реалды етіп көрсететіндіктен, өткен, осы, келер шақтармен байланысты болады. ал неғйбыл райлар іс-әрекеттің реалды емес екенін көрсететіндіктен, оларды бұйыру, қалау, шарт ету, қажет санау тәрізді модальді реңктер түрінде атайды, тек келешекке меңзеледі. Шақ категориясына тікелей қатыспайды. Мысалы: Студент лекция жазып отыр. Лекция жазса.
3. Ашық райдың тұлғалары жиі қолданылады. Сөйтіп неғайбыл (ирреальді қосалқы) райлардың арнаулы грамматикалық көрсеткіштері әркет-қозғалыстың реалды емес екенін білдіретін формалар ретінде қызмет етеді. Неғайбыл райлары тұлғалары мен модульдік мағынасына қарай бұйрық, шартты, қалай рай болып үшке бөлінеді (А.Ысқақов ҚҚТ, морфология, 1974, 323-326-беттер).
Райлар жақ, шақ, категориялармен тығыз байланыста болады. шақ тұрғысынан алып қарағанда етістіктің райларын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Ашық райды бір топқа, ал қалау шартты, бұйрық (неғайбыл) райларды екі топқа жатқызуға болады. Себебі: ашық райда баяндалатын әрекет-қимылдар 3-жақтың бірінде айтылады.
Қазіргі қазақ тілінің етістіктің райлары 4-ке бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шарттты рай, қалау рай (5. тұйық рай). Сауранбаев: Райлар тұлғалық көрсеткіштері жағынан бірдей емес. Ашық райдың арнаулы грамматикалық көрсеткіші жоқ, алайда оның әр алуан шақ формалары бар. Басқа райларда рай формаларын тудыратын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады.