4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.5.1.4 септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
А.4.2.2.1берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
О.4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.5.1.2 көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;
А. 4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Атомдар мен молекулалар» ойыны. Әр оқушы - жеке атомдар. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Мұғалім қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Осылай бірнеше рет қайталанады. Соңында атомдарға бірігуіне қарай оқушылар топқа бөлініп отырады.