Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет59/164
Дата27.11.2023
өлшемі3,19 Mb.
#128676
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ-1

Сабақтың тақырыбы

Көмекші робот (1-тоқсан.2-бөлім.)
28-сабақ

Дағды

Грамматика және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.3.өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану.
4.1.3.1.тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау.
4.1.1.1.анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру.
4.2.3.1.(қосымша) белгілі бір тақырыпта сұқбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу)

Тілдік міндеттер

таныстыру

Алдыңғы білім

Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан роботтардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар роботтар туралы өздері білетін мәліметтермен бөліседі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша диалог құрастырады. Мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында роботтар туралы қызықты мәліметтермен таныстырады.
Робот-әртүрлі әрекеттер жасайтын машина. Ол адам қажетіне еңбек ететін күрделі құрылғы. Мұғалім оқушылардың жұптық сөйлесімдерін тыңдайды, оқушыларды «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

2 мин

Мұғ-Сынып

Роботтар-дың суреттері

Негізгі бөлім

«Ойлан» айдарындағы тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Сөйлемдерді аяқтау үшін тірек сөздерді қолданады. Оқушылар сөйлемдерді аяқтау арқылы өздерінің ойларын дәлелдейді, айтылым дағдылары дамиды.
Робот ағаштан бұйым жасай алады. Демек ол-шебер.
Робот тоңазытқышты көтере алады. Демек ол-....
Робот тамақ пісіре алады. Демек ол-...
Робот футбол ойнай алады. Демек ол-...



5 мин

Жеке

оқулық


«Есте сақта» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауының ережесі ұсынылады. Оқушылар жіктік жалғауын қолданыстық тұрғыдан меңгереді. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөздерді береді, оқушылар сөздердің соңғы әріптеріне қарай жіктік жалғауын дұрыс жалғап, жаттығады. Мұғалім оқушыларды тексереді, кері байланыс береді.







оқулық

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік жалғауына байланысты білімдерін бекітеді. Оқушыларға кесте беріледі оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.




...мын

...мін

...пын

...пін

...бын

...бін

тәрбиелі



















ақылды



















көңілсіз



















жомарт



















Үміт



















Алмаз



















Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды.Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге дағдыландырады.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.
1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.
2. Мен ақылды... . Кітап оқи аламын.
3. Мен еңбекқор... . Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

«Жаз» айдарында оқушылар жазбаша жұмыс жасайды. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы үлгіні басшылыққа ала отырып, суреттерді сөйлетеді. Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады.
Үлгі: Мен көріктімін. Сен ұсқынсызсың.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар

Қор. бөлім

Сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға пысықтау сұрақтарын қояды.
1.Роботтар дегеніміз не?
2.Олар қандай болады?
3.Сендердің ойыншық роботтарың бар ма?
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі


3 мин



Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет