Сабақтың тақырыбы
|
Қайырымды қойшы (1-тоқсан.2-бөлім.)
30-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым мен жазылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.1.1.мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып белгі қойып оқу.
4.4.1.1.шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру.
4.4.4.1.каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу.
|
Тілдік міндеттер
|
Қиыршық тас, асыл тас, бұзылып қалу.
|
Алдыңғы білім
|
Менің қалауым
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең.і
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
сөз
сөз тіркесі
сөйлем
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде мұғалім оқушыларға суреттерді көрсету арқылы жаңа сөздерді меңгертеді. Жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатады. Сөздер пирамидасын құрастырады. (қиыршық тас,асыл тас,бұзылып қалу)
|
2 мин
|
Мұғ-Сынып
|
Суреттер, «Сөздер пирамидасы»
|
Негізгі бөлім
|
«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні оқиды. Ертегінің шатасқан бөліктерін ретімен орналастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ ертегіні өз бетінше оқып танысады, өз ойларымен ретімен орналастырады. Ортаға шығып өз нұсқаларымен таныстырады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Ретін тап» әдісін қолдануға болады. Ертегіні параққа суретпен немесе сызба арқылы беру оқушылардың өз еріктеріне байланысты. Барлық топтар өз ертегілерінің ретімен орналасуын айтып болған соң, мұғалім ертегінің дұрыс ретімен орналасқан түрін береді. Оқушылар өз ертегілерімен салыстырады. Қай топтың ертегісінің реті дұрыс қойылса, сол топ жеңіске жетеді. Оқушылар бір-бірін «дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды.Тапсырма оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар ертегінің бөліктерін ретімен орналастыру арқылы ертегінің мазмұнымен танысады. Ертегінің басы, ортасы, соңын ажыратып үйренеді.
Ертегінің мазмұнын терең меңгерту мақсатында оқушыларға «Сиқырлы сандық» әдісін қолданып, сұрақтар береді. Оқушылар сандықтан сұрақтар алып жылдам жауап берулері керек.
1.Ертегідегі кейіпкерлерді ата
2.Қарлығаш күнде не істепті?
3.Неліктен қарлығаштың ұясы бұзылып қалды?
4.Қойшы қандай ән айтты?
5.Қарлығаш ұшып бара жатып не тауып алды?
6.Кім қарлығаштың ұясын қайта құрастырады?
7.Қарлығаш қойшының үйіне не апарып тұрады?
8.Қойшының арманы қалай орындалады?
9.Қарлығаш қандай құс?
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздерімен бағалайды.
|
5 мин
|
Жеке
|
Суреттер, ретсіз жазылған ертегінің параққа жазылған нұсқасы
Сұрақтар салынған сандықша
|
«Оқы және жауап бер» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес тест сұрақтарына жауап береді. Тапсырма ауызша орындалады. Әр оқушыға тест тапсырмасы жазылған парақшалар үлестіріледі. Оқушылар сан және әріпті белгілеу арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірінің тест парақшаларымен ауысып, бір-бірінң жауаптарын тексереді. Барлық оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп болған соң мұғалім дұрыс нұсқаны оқиды, оқушылар тексереді.
|
|
|
Тест тапсырмасы жазылған парақшалар
|
«Ойлан» айдарындағы тапсырмада оқушылар «себебі» сөзін пайдалана отырып, ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері туралы жазады. Тапсырма жазбаша орындалады.
Қарлығаштың жақсы қасиеттері
|
Қойшының жақсы қасиеттері
|
..............
.............
..............
Себебі,..............
|
..............
.............
..............
Себебі,..............
|
|
5 мин
|
Мұғалім - сынып
|
Кейіпкерлер-дің жақсы қасиеттерін жазатын парақша
|
Қор. бөлім
|
Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға «Хикая картасы» графикалық органайзері беріледі. Оқушылар органайзерді толтырып ертегіні әңгімелейді. Органайзерге сурет салуға немесе сөйлемдер жазуға болады. Оқушылар өз хикая картасы арқылы ертегінің мазмұнын меңгереді, айтылым дағдылары дамиды.
Рефлексия
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
«Хикая картасы» графикалық органайзері, «Білім қоржыны»
|
|