Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет55/167
Дата29.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#60169
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   167
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Жаман жолдас (1-тоқсан.2-бөлім.)
26-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2.көптік/септік/тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.3.өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану.
4.3.2.1.бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
4.3.1.1.мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу.
4.2.1.1.берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.
4.2.6.1.(қосымша) айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Тілдік міндеттер

Ұялу, қарт, достық

Алдыңғы білім

Жалқау қуыршақ

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. (күшті, әлсіз, қарт, жас, ауру, сау).Мұғалім алдымен оқушыларға суреттерді көрсетеді және қайталатады. Оқушының суретті сөзді қаншалықты есте сақтағанын білу үшін мұғалім 1-суреттен бастап біртіндеп алып отырады. Оқушы тақтада суретті сөз жоқ болса да өтілген жаңа сөздің барлығын айтып шығуы керек. Мұндай әдіс арқылы оқушының көру арқылы есте сақтау дағдысы дамиды.

2 мин

Мұғ-Сынып

Жаңа сөздерді меңгертуге қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Ойлан» айдарындағы тапсырмада оқушыларға қарсы мағыналары бар бірнеше сөз және мәндес мағынасы бар бірнеше сөздер ұсынылады. Оқушылар сөздердің қарсы мағынасын және мағыналас сөздерді ойлана отырып мағынасына қарай сәйкестендіруі керек. «Сәйкестендіру» әдісін түрлендіру үшін оқушылар сөздерді түрлі-түсті қарындаштармен бірдей етіп бояулары керек.

саужақсы
қарт әлсіз
күшті ауру
жаманжас

Жолдас күшті
Мықты нашар
Жамандос
Үлгі:



5 мин

Топтық жұмыс

Сөздер жазылған парақша, түрлі түсті қарындаштар



Келесі айдармен таныспас бұрын мұғалім оқушыларға «Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құрастыруға тапсырма береді. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
Сендердің достарың бар ма? Сендердің достарың қандай? «Дос» тақырыбын қандай мақсатпен қозғап отырмыз, қалай ойлайсыңдар? деп мұғалім оқылым мәтініне «көпірше» жасайды.
«Суретке қарап әңгіменің мазмұнын болжа. Оқып салыстыр» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударады. Суретпен жұмыс оқушының қиялын дамытады және қызығушылығын арттырады. Оқушылар суретке қарап, әңгіменің не туралы болатынын болжайды. Тақырыпты болжау арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды да, оқулықтағы мәтінді оқуды бастайды. Алдымен мұғалім өзі оқиды. Мұғалім оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.

5 мин

Мұғалім - сынып

«Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құруға арналған парақша
оқулық

«Оқы және жауап бер» айдарындағы тапсырмада оқушылар «балық аулау» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Омұғалім оқушының қолына қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.
1.Әңгіме не туралы?
2.Жақсы дос қандай болады?
3.Жаман дос қандай болады?
4.Мәтіннің негізгі ойы қандай?
5.Екі достың алдынан не шығады?
6.Екі достың біреуі қандай еді?
7.Жас жігіт жолдасын тастап қайда кетеді?
8.Ауру жігіт не істейді?
9.Аю не істейді?
10.Жақсы дос қандай болуы керек?
Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға дос туралы мақалдар беріп, мағыналарын қалай түсінетіндері жөнінде пікір алмасуға болады. Мысалы: Адал дос-алтыннан қымбат. Досы көпті жау алмайды. Доссыз өмір-тұзсыз ас. Аталған тапсырмалар оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өз ойын ашық айт білуге бағытталған.
Мұғалім оқушыларды «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Түрлі түсті қағаздан қиылған,скрепкамен қыстырылған балықтар, басында магниті бар қармақ




«Есте сақта!» айдарында мұғалім оқушыларға «аю» сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет