Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет22/167
Дата29.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#60169
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Әлидің үйі (1-тоқсан.1-бөлім.)
11-сабақ

Дағды

Айтылым мен грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1.берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде монолог құру.
4.2.3.1.белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.4.септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Тілдік міндеттер

Алдында, артында, қарсысында, жанында, жер үй

Алдыңғы білім

Менің ауылым

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Оқушыларға мәтінде кездесетін, бұрын білмейтін сөздерді үйретеді, олардың мағынасын түсіндіру арқылы жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгертеді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға жаңа сөздермен байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріледі.

2 мин

Мұғ-Сынып

Жаңа сөздерді меңгертуге қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Жаттық» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және қайталау арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы үйдің алдында, артында, жанында не тұрғанын айтып береді. Тапсырма оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдап мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

5 мин

Жеке


«Көрсет және айт» тапсырмасын орындауда оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін ояту мақсатында оқушылар суретке қарап, Әлидің үйін сипаттап береді. Оқушылар «Сурет бойынша әңгімеле» әдісін қолданады.Алдымен суреттен кімдер және нелер көріп тұрғандығы әңгімеленеді. Содан кейін барып, Әлидің үйі толық суреттеледі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, көру арқылы есте сақтауы артады.

5 мин

Мұғалім - сынып

Үйдің суреті,


оқулық



«Ойнайық» тапсырмасы жұпта орындалады. «Рөлдік ойындар» әдісі бойынша оқушылар рөлге еніп, әрекет етеді. Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. Оқушылар рөлге еніп ойнағанда оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді. Рөлдік ойынға қатысу арқылы оқушы өзін сенімді , еркін сезінеді. Оқушыларға үлгі беріледі,сол үлгіге қарай отырып, оқушылар өздерінің рөлдік ойынын көрсетеді.
Үлгі: Әли, сенің үйіңнің артында не бар?
Менің үйімнің артында алма ағашы бар.
Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдайды. Жұптар бір –бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

3 мин

Жұптық жұмыс

Рөлдік ойынға қатысты үлгілер жазылған парақша




«Ойлан» тапсырмасы оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушыға сұрақтар қойылады. Оқушы ойлана отырып жауап береді. Бұл кімнің үйі? Оның үйі қандай? Мұғалім оқушыдан «оның» сөзінің неліктен қолданылып тұрғанын сұрайды. Оқушы өз түсінгені бойынша жауап береді.




Жеке жұмыс

оқулық




«Есте сақта»» тапсырмасын орындауда оқушылар тәуелдік жалғауының жалғаулары туралы білімдерін бекітеді, «Кімнің?» сұрағына жауап береді. Тәуелдік жалғауы жалғанған кезде кейбір әріптердің өзгеріске ұшырауы туралы еске түсіреді. Әр топ бірнеше сөзді тәуелдейді. Әріптердегі өзгерістерді түсіндіреді.
І топ - бақ
ІІ топ - мектеп
ІІІ топ - үй сөзін тәуелдейді. Тапсырма жазбаша орындалады.




Мұғалім-оқушы




Қор. бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға «Жаттығайық» тапсырмасы беріледі. Оқушылар сөздерге ауызша тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Саралау тапсырмасы ретінде қабілеті жоғары оқушылар берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады. Қабілеті төмен оқушылар сөздерге қосымшалар жалғайды. «Кел, сөйлесейік» тапсырмасы оқушылардың білімдерін бекітуге бағытталған. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, Әлидің үйі жайлы әңгімелейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Кубизм» әдісі қолданылады. Кубиктің әр қырына сұрақтар жазылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Кубикті шеңбердің ортасына лақтырады. Қай сұрақ түссе, сол сұраққа бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.
1.Әлидің үйі қандай?
2.Әлидің үйінің сол жағында не бар?
3.Үйінің артында не бар?
4.Әлидің үйінің алдында не бар?
5.Бақшада кім жүр?
6.Саған Әлидің үйі ұнай ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет