Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет27/167
Дата29.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#60169
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   167
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Назар аудар!
Мен-менің
Сен-сенің
Ол-оның


«Жаттығайық» тапсырмасы көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу.Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі туралы білімдері бекиді. Оқушылар сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау арқылы ілік септігінің жалғауларын үйренеді.Тапсырма жеке жазбаша орындалады. Мұғалім оқушыларды тақтаға шақырады. Тапсырманы тақтаға жазады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын ережеге аударады. Осы сөздерге ілік септігінің жалғауы жалғанғанда сөздердің қалай өзгеретінін түсіндіреді.

А нұсқасында оқушылар «Ненің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды. Ә нұсқасын орындауда «Кімнің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.






Топтық жұмыс

оқулық




«Анықта» айдарындағы тапсырмада оқушыларға оқулықта қаланың картасы ұсынылады. Оқушылардың назары кітаптағы суретке аударылады. Оқушылар осы картаға қарап, ненің қайда орналасқанын айтады. Берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың қызығушылығы артады, логикалық ойлауы дамиды, көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қай сөйлемнің сәйкес екендігін табады. Сондай-ақ оқушылардың осы тапсырманы орындау арқылы көмекші есімдер мен ілік септігінің жалғаулары туралы түсініктері кеңиді.




Топтық жұмыс

Оқулық
Қаланың картасы

Қор. бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға шашыраңқы түрде ілік септігінң жалғаулары беріледі. 1.Оқушылар берілген сөздерді тиісті жалғаумен сәйкестендіреді.

мейрамхана
көлік тұрағы
сурет
аялдама
сарай
сауда орталығы
алаң
мектеп
күн

-дың
-дің
-тің
-ның
-нің
-тың



2.Мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:
1.Қала қандай?
2.Қалада нелер бар?
Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, қалада нелер бар екенін айтып шығады.
Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға «Венн диаграмасы» ұсынылады. Оқушылар қала мен ауылды салыстырады және екеуіне ортақ нәрселерді де жазып шығады. Тапсырма топта орындалады. Қала мен ауылды барынша жақсы салыстыра білген оқушылар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.


Рефлексия
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта Не оңай болды? Не қиын болды?

3 мин



Сынып-мұғалім

Сөздер мен жалғаулар көрсетілген флипчарт

«Венн диаграммасы», қала мен ауылдың суреттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет