(Ұ)(С.«Диалог және қолдау көрсету») Суретпен жұмыс. Суреттің мазмұнына қарай Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін, сабақ тақырыбын анықтайды.
- Суретте қандай ұлт өкілдері бейнеленген?
- Оларды қалай ажыраттың?
- Олар қандай мерекеге байланысты қонаққа келуі мүмкін?
- Олардың қарым-қатынасы туралы не деуге болады?
- Адамдардың қандай эмоцияларын байқадыңдар?
- Қонақжайлық туралы не айта аласыңдар?
Дескриптор: • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін әңгімелейді.
• Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің суреттері бойынша өз ойын еркін айтады.
Сабақтың ортасы 2 мин
2 мин 5 мин 4 мин 8 мин
5 мин
Жаңа сабақ (М) «Республика» сөзі латын тілінен аударғанда «мемлекеттік құрылыс» дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлттың өз тілі мен мәдениеті бар. Олар бір үлкен және тату елді құрайды.
(Т) «Елшілер» әдісіарқылы яғни, өзі үйрене отырып, басқаны үйрету мақсатында жүргізіледі.
• Не себептен еліміз Қазақстан Республикасы деп аталады?
• Халыққа не үшін мемлекеттік тіл қажет?
• Қазақстанда неліктен көп ұлт пен ұлыстар тұрады?
Дескриптор: • Қазақстан халықтар достығы бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
• Қазақстан Республикасы және мемлекеттік тіл, ұлттар мен ұлыстар туралы әңгімелейді.
(Т) Жазылым: А. Біздің елде тұратын ұлт өкілдерінің атауын суреттердің астына жаз. (ActivStudio – Флипчарт)
В. Параққа өзің білетін халықтардың достастығы туралы өлең жаз. (үлестірмелі материал)