Сабақтың тақырыбы Қазақстан кең байтақ Отаным ! Сабақтың мақсаты


топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау



бет12/46
Дата03.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#89419
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
472 тәрб сағ жана

топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.


Сұрақ-жауап:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр
5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада
7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.
9. Жолда қай жерден өту керек?
Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.
6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету

Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.


Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.



Хормен: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады)

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!


Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

Ән: Бағдаршам


1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?


Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.





Мектеп атауы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп

Бөлім:

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет