Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылар сурет арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды. Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Амандасу, сыныптың сабаққа
дайындығын қадағалау, санау арқылы топ құру, сабақ мақсатымен таныстырады
Берілген суреттер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік.
Ой шақыру
Сабаққа қажетті кұралдарды дайындайды.Болжам жасайды
сабақ тақырыбына болжам жасайды;
-суреттерді бір-бірімен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді.
Жарайсың деп ынталандыыру
Десриптор: сабақ тақырыбына болжам жасайды;
-суреттерді бір-бірімен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді.
Оқылым кезіндегі тапсырма мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөліне талдау жасаңыз.
Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған?
Аудиториясы кімдер?
2- тапсырма Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз
Көркемдегіш құрал
Мәтіннен мысал
Автор не үшін
қолданды?
Жазылым Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:
кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.[1]
Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырыңыз
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Жаңбыр жауды
Жер көгерді
Күн шықты
Мал өріске кетті
Жаңбыр жауды да, жер көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті
Бет қаратпайтын боран болды
Қапан қалаға бармады
Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бара алмады.