Барлық оқушылар үшін: тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстырады;
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.
Көпшілік оқушылар үшін: тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыра алады;
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдана алады.
Кейбір оқушылар үшін: тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстырады.
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.