Айтылым кейінгі тапсырма: Бағалау критерийі: Айтылым мәтіннен жетекші сұрақтар бойынша негізгі ойды анықтайды.
Топтық жұмыс: «Отбасы күні» МР3 мәтінің тыңдалғаннан кейін «Ашық микрафон»әдісі арқылы өз ойларын қорытындылап айтады.
Саралау: «Қолдау көрсету» әдісі бойынша
кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады.
-Отбасы құндылықтарына нелерді жатқызасыңдар?
- Егер мүмкіндік болса, қандай отбсылық мерекені тойлауды енгізер едіңдер?
Дескриптор: - мәтін бойынша өз ойларын қорытындылап айтады .
- мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды;
«Не ойландырады?» әдісібойынша осы тапсырма негізінде қандай ой түйгендерін, не ойландырғандары туралы ойларымен бөліседі
Жазылым тапсырмасы: Бағалау критерийі: мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.«Отбасы күніне» арнап құттықтау хат жазады.
Жеке жұмыс: «Нанымды жазылым» әдісі бойынша отбасы күніне байланысты кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып, құттықтау хат жазады.
Саралау: «Қолдау көрсету» әдісі бойынша кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады.
Отбасы күніне байланысты ата-аналарына кезектес құттықтау хат жазудың үлгілері таратылады, жетілдіруге арналған жұмыстар беріледі.
Құттықтау хат жазудың құрылымы: Құттықтау хат құрметті,қадірлі,қымбатты деген сөздермен басталады.
-құттықтау себебі жазылады
-құттықтау иесінің жеткен жетістіктері жазылады
-ізгі тіліктер
-соңынан құттықтаушының аты-жөні, шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көліңден деген сөздермен аяқталады.
Оқушылар осы үлгіге қарап құттықтау хатын жазады.